Адамзат әлемнің көшірмесі және әлемдік уақыттың негізі болып саналады. Себебі барлық әлемнің нәрселерін адамзаттың пайдасына ғана жаратып, ал оның тағдыры уақыт болып табылады. Сондықтан адамзаттың тағдыры, уақыты аруақ болып, аруақтық қуаттан замандық уақиғалар мен табиғаттың да жағдайы туындайды. Бүгінгі таңдағы заманның уақиғалары өткен шақпен, бүгінгі адамзаттың іс әрекеттерінің қиылысуынан пайда болған қуаттық жүйеге жаратушы тарапынан жауап берумен пайда болады. Сонымен қазақ ел билігінің ұстанған саясаты мен білімді қауым мен бұқара халықтың өмір сүру салтынан алдағы жарты жылдағы рухани өміріміз бен табиғат мезгілінің құбылыстары жайлы Раббымыздың ескертуін баяндап көрейік;
Шілде айы; Жауын-шашын көп болады. Таулы жерлерде су тасқындары болып, халық шығынға ұшырайды. Берекеті кетеді. Жол апаттары орын алады. Шығындар көп болып, ел қазынасынан көп қаржы шығын болады. Егінге де өсіп жетілуіне зиян келеді.
Тамыз айы; Егін алқабында қара құрттар көбейеді. Егіннің жартысына жуығы бүлінеді. Жауын-шашын азайып, алғашқы 10 күндігі ыстық болады. Халық арасында іш аурулары көбейеді.
Қыркүйек айы; Ауа-райы қоңыр салқын болады. Қатты жел тұрып, ғимараттардың қирауы да болады. Жалпы шаруаға қолайлы жәйлі болады. Бірақ халықтың жер мәселесіндегі ел биліктің ұстанған саясатына күмәнділік артады. Көшеге шығып қарсылық көрсету де орын алуы мүмкін. Шиеленісті оқиғалар көп болады.
Қазан айы; Алғашқы 10-күндігі жауын-шашынды болады. 15-нен кейін арты қарға ұласады. Жолда жүргіншілердің абай болуы керек. Жол апаттары көбейеді. Мал аурулары көп тарайды. Әсіресе қара мал етінен абай болу керек.
Қараша айында; Ауа-райы құбылмалы болып, қар еріп, күн суытады. Көп жерлерде аязды болады. Екінші он күндікте қатты аяз болады.
Желтоқсан айында; Аязды болады. Халықтың түрлі ауруы, дерті асқынады. Өкпе, тыныс жолдары, жүрек аурулары көбейеді. Мал өлімі, шығын көп болады. Жолда абай болу керек, ажалмен байланысты апаттар орын алады. Енді ел билеушілердің дін, діл, әлеуметтік жағдайды қалыптастыру тұрғысындағы қабылдаған шаралары мен заңдарына және халықтың арсыздық әрекеттерінің жағдайына байланысты болатын ай сайынғы құдайдан келетін үкім жауаптарды әр айдың аяғында жариялап отырамыз. Сонымен бірге қандайда болатын сынақтардың алдын алып, құдайдан сұрап, ескертулерін орындаумен елге, тұрмысқа қолайлы жағдайды да қалыптастаруға болатынын да білген жөн. Бірақ бұл мәсһабтық біліммен, тәпсірмен мүмкін емес, оған қазақ дәстүрі, әулиелік жолы ғана керек. (жалғасы бар. Шілде айы 2016 жыл)
Астана қаласындағы топан судың хикметі
Қазақ елі көгілдір терезе арқылы Астана қаласының күнінде халық қыдыратын ең басты көшелерді жаңбырдан соң топан су басқанына куә болды. Бірақ бұл жаңбырдың қазақ халқы тек қана осы көшелердің ауданына жауғанын білмейтіні сөзсіз. Бұл хикметті тек қана Құдай патшалығынан хабардар, аруақтардан бата алып тылсым құпияларына қанық болғандар ғана түсіне алатыны сөзсіз.
Сонымен ел билік пен діншілер тарапынан ата жолының сотталып қудаланғанына қарамастан, біздер Құдайлық жобаға жалғану ісімізді жалғастырудан бір күнде бас тартқан емеспіз. Осы ісімізді халықты ата дәстүрімен, әулие-әмбилер аруақтары арқылы ақталудан өтуге шақырумен және әулиелік үлгілерін меңгерудегі тақуалығы мен емдеу істерін меңгеруді жалғастырып келеміз. Жалпы ата жолының аққу, сұңқарлары әулиеліктің үлгісі мен сопылық тұрғыдағы намаздарын мүлде тастап қоюмен, өздері де шынында шайтаннан болған жындардың ықпалына түсіп, қасиет жолында ізденгендерді ата дәстүрінен жирендіруге ғана қызмет қылып кеткендері де хақ.
Сонымен аз ғана топ болған біздердің Құдайдан келіп жатқан уахи, аяндар мен аруақ батасы арқылы хабарларын да тоқтатпай халыққа таратып отырумен және мұны жалғастыра білетін аққу, сұңқардарды даярлау мақсатында Астана қаласынан пәтер жалдап, қазіргі кезде «лесозавод» ауданында орда ашып жұмыс жасап жатқан едік. Астана күні түске жақын біз тұрған жерге, аз ғана екі дүркін жауын сіркіреп өткенімен нөсерлі жауын жауған жоқ еді. Сонымен емге келіп жүрген бір кісілердің түстен кейін келіп; «Сіздерде жауын жаумаған ба, орталықты су алып жатыр екен және судың өткір иісі барын байқадық..» деп телефондарына топан судың қалай көшелерді басып жатқанын түсіріп әкеліпті. Әрине ең ығалды, батпақты жерде тұрғандықтан мұндай жаңбыр біздің ауданда жауғанда талай үйлерді су басып халық күйзелетін де еді. Бұл хикметті белгінің тек қана ел ордаларының маңына жауып және Оңтүстік Қазақстан облысында да топан судың, мал шығындарының дәл сол күні болғаны да қияметтік мезгілдің ашық белгісі болғаны хақ. Ел билікке бұл құдайдың шағын қаланың ішінде түрлі ауа-райылық ықылыммен ескерту беруін және мұндай «ақылды қалаға» «ақымақ» жауынның белгісі жиі қайталанып жатса да не себептен деген жетесіз ақылына түсініксіз болуы да хақ.
Бұл жағдайдың енді қайталанатыны да және егіннің бүлінуі мен қара құрттың көп шығынға батыратын да, жыл аяғына дейінгі негізгі ауа-райылық Раббымыздың ескертулерін хабарладық. Бірақ бұл қияметтік оқиғалардың алдын алу мен масһабшылар, тарихатшылар, діншілердің құдайға жалбарынып елді аз шығынмен құтқарылу жолына шақырумен, құдайға алдында дұға тілектерінің қабыл болуымен, өздерінің тура жолда мүмін, Алланың жақын құлы екендерін дәлелдеу керек еді. Сол сияқты ел биліктің де Құдайдың ескертулеріне мойсұнып, аруақтардың батасын тыңдаса, соған байланысты шешімдер шығарып амал қылса, халық та күйзеліске ұшырамас еді.
Бірақ ел басшымыздан бастап бүкіл ақпараттық жүйе мұндай қияметтік белгілерді Құдайдан емес, табиғаттың қалыпты жағдайы деп немесе «аномальдық» деп қарсылық білдіріп өз райларынан қайтулары да мүмкін емес. Керісінше жерді сату, ата дәстүрін дініне қарсылық пен арсыздықпен араластыруға, «гендірлік теңдік» саясатымен, партиямен 30 елге ұқсап құтқарылуға шақыруға да арта беретіні де, халықты дүние байлықпен бақытты қылмақ болып уәделерін үйіп-төгіп алдауы да арта бермек. Олай болса, әрбір пенде өз басын, ұрпақтарын, туыстарын құтқаруға Раббымыздың ескертулеріне мойсұнып өздерін түзетумен ғана болашақ апаттардан, азаптардан аман қалуға тырысқаны жөн болар...(Шілде айы 2016 жыл)
Қияметтік сын сағатының белгілері
Раббымыздың ескертуімен қазақ елінің жарты жылдық сын сағатының жағдайын алдын ала хабарлап отырғанымыз көптеген оқырманға да таныс болар. Өткен қыркүйек айы жалпы қоңыр салқын шаруаға да жайлы болып, бірақ халықтың жер мәселесінде қарсылық білдіруі болады деп ескерткенді. Бұл жағдайдың уақытша шектеу қойылуымен, бірақ әлі халықтың, дінннің жағдайына қарай шешілмегені де белгілі. Олай болса ел билігі Раббымыздың ескертуіне қарсылығын жалғастырумен сынақтардың да артуына себеп болып жатқаны сөзсіз. Енді осы айға тоқталсақ;
Қазан айы; «Алғашқы 10 күндігі жауын-шашынды болады. 15-нен кейін арты қарға ұласады. Жолда жүргіншілердің абай болуы керек. Жол апаттары көбейеді. Мал аурулары көп тарайды. Әсіресе қара мал етінен абай болу керек» деген ескерту берілгенді. Бірақ тіл, дін, жер және ар, ұяттылық ата жолының жағдайы тұрғысында қазақ дәстүріне сөз жүзінде мадақталғанмен, іс жүзінде ел биліктің және білімді қауымның қарсылықтарына қарай, жалпы халықтың ар, ұяттылық тұрғысында күннен күнге азғындауына байланысты, қазақ еліне түсетін сын сағатының белгілері де артқаны сөзсіз. Сонымен Раббымыздан түскен белгілерге жүгінсек;
Алдағы уақыттарда Алланың үкімі түсіп, бөтелкеге әуестердің тынысы тарылады. Қазақтың дін дәстүрінің өз дәрежесінде меңгере алмауынан адасушылық артады, көптеген келеңсіздіктер, бүліктер пайда болады. Байлықтан құт кетіп, байлардың азабы басталады. Дін басшыларына, имамдарға, дін ғалымдарына сынақ түседі. Дін басшылары абыройсыздыққа ұшырап, құлайды. Діннің күйреуіне байланысты жұт келеді. Оның белгісі аспанда құзғын құстардың топ-топ болып пайда болуы, өз жемтігін жер бетінен іздеуі көрініс береді. Ел билеуші, білімді қауымдықтарға, ата жолын терістеушілерге құдайдың азабы түсіп көбісі жоғалатын болады. Қазақ туы жерге талай түсіріледі. Аяғын кердең басқан, еркектерден өзін үстем көретін қатындар мезгілсіз ажал құшатын болады.
Жел шулап, жер ана тулайды. Кей мекендерде жер сілкінудің апаты болуы да ықтимал. Ақ қараға, қара аққа айналады. Көзі ашық, көкірегі ояулар, Алла жолында мал, жанымен соғысуға шығып, Мәділік қасиеттерді меңгере бастайды. Халықты да соңдарына ертеді. Бірақ барлығы бірдей жетістікке жете алмай құлайтындар да болады. Себебі шашын жайған тыр жалаңаш шайтандар көктен жерге түсті, жаулықсыз, етексіз, жалаңаш жүретін әйел, қыздар азғындығы күрт артады. Қасиетті әйелдердің көріпкелдігі қасіретке айналып, теріс ақпараттармен халықты да азғыруы артады. Еркектер жынданып ақырады, әйелдер жаланады. Қыз балаларының өмірге келуі азайып, ер балалардың туылуы артады, мұның себебі Бір Аллаға ғана белгілі болмақ. Пенделер азапқа түсіп жоқ іздейді, сандалыс көбейеді, бірақ не іздеп жүргендерін өздері де білмейді.
Европа елдеріне де су апаты келіп Франция мемлекетін су басады. Сол сияқты биік ғимаратты елдерде де түрлі апаттар жүреді. Қиыр шығыстан тас көтеріледі. Күшті дауылмен жел соғады, жолдағыларын түгел қиратады. Көптеген әулиелер басы лайланады. Бекет ата басында осы таңда осындай жағдай орын алды. Киелі орындардың ластануынан қара күштердің елге тигізетін зияны артып талайларды жын соғады. Әлем елдері мұндай қайғы-қасіреттерге ұрынады да шығу жолын іздейді. Бірақ мұның кілті қазақ елінде ғана болып, қазақтың ел билеушілері, білімді қоғам өкілдері, діншілердің ібілістің атқарушысы болғанын түсінетін заман да келеді. Қазақ ата жолын түбінде әлем ғалымдары зерттеуге тұрып, қазақ халқының да ата дәстүрін меңгеруге ықыласы оянады. Қазақ тілінің мәртебесі әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақ діл білімінің қадірі артады. Бұндай Алланың қайғы-қасіретінен кейін Зәуір келеді, мұнымен бірге елге жақсылық дәуір келеді. (қазан айы 2016 жыл).