Көктем келіп, көктеммен бірге жылда бір қайталанатын сынақтың енді Қарағанды облысында, Сарыарқа өңірі мен солтүстікте басымдылық танытып жатқаны бар. Жыл басында қазақ еліне келетін рухани сынақтардың басты белгілерінен хабардар қылғанбыз. Ақпан айында төтеннен, себебі белгісіз сынақтардың орын алатынын, ал оның іс жүзінде орындалған жағдайы болды.
Ал наурыз айы әйел кіндікті пенделерге нұр келіп өзгерістің болатынын жариялағанбыз. Мұны түсінетін қазіргі жоғарғы ел билеуші ақпарат өкілдерінің жетесі кем болғандықтан түк болмағандай өте шыққанмен, ал шынында талай хикметтің болып әлі әйелдер қауымына жалғасып жатқаны да хақ. Біздің көріп куә болып жатқан түрлі хикметті оқиғаларды баяндағанмен жетесі жабық, қысқа ақылмен сезімдік тұрғыда, ұжымдық ақылға немесе өзара жындық топ құрып белгілі өздері ұнатқан ақпараттық жүйеге байланған қазақтың ақылды тастап, әлемнен жинап алған білімін ақылға айырбастап алған, ілімнің де тек тәпсір біліммен танылған бүгінгі жағдайында мұндай
Құдайлық белгіні танып жүрекпен қабылдауы мүмкін де емес. Сонымен сәуір айы ақпараттық қарсылық айы болып баяндалған да еді. Негізінен қазақ ұлтының ерекше қадірлеген 4 айы бар:
Осы төрт айды негізінде сапар айы деп атайды. Келесі мамыр айында қазақ еліндегі көптеген інжілге, қазақтың емшілік, тазару, ақталу, зияраттау әрекетіне ашық қарсылық білдіріп, тиым салған ең басты басшыларына, ұйымдастырушыларына, жан ұяларына қайғы-қасірет және кейбіреулерінің аяқ-буын аурулары мен мүгедектікке соқтыртатын оқиғалар жиілейді. Бұл ескертілген белгілер бір аймен ғана шектелмейді, желтоқсан айына дейін жалғасып, сосын қайта ауысып отырады да әрбір 3 жыл сайын қайталанып, емделуі қиындап, күрделене де береді.
Енді қазіргі көктем айында халықтың есін шығарып құдайдың құдыретінің шексіздігінен түсіп жатқан белгінің негізінде ел билеушілердің дін саясатын халықтың ата дәстүрінен бас тартып ата жолына қарсылық білдіруінен, қабірдегілерді тастап кәпір елге айналған дін ұстанға түсіп жатқан ескерту белгі екені де хақ. Аруақтардың көрсетуімен Абылайхан атамыздың тойын тойлаудан бұрын Астана қаласына жақын жердегі зияратын тауып халықтың зияраттауына мүмкіндік ашу керек деп жазғанмен бұған құлақ асқан пенде болмады. Солтүстікте әсіресе Ақмола облысында қаншама астықтың ысырап болуына осы жағдайдың себеп болғаны, әлі де миллиардтаған шығынмен жалғасын табатыны да хақ.
Ал енді Керейхан мен Жәнібек бабаларымыздың да басын көтеру туралы сайттарда жариялап үндеу тастағанмен, оған да құлақ аспай тастан мүсін жасап халықты гүл қойып шоқындырмақ болып жатқан дінсіз ел билеушілердің надандығынан бүгінде әсіресе Сарыарқа жерінде апаттар орын алды. Керейхан, Жәнібек бабалардың Сарыарқада жерленіп, ал оның еске алу асын Тараз қаласы мен Жамбыл облысында өткізіліуіне деген Құдайдың қарсылық белгі сынағы екені хақ. Бұл сынақтың негізінен Жәнібек бабаның құдай алдындағы дәрежесімен байланысты болса, енді тойдың да үлкен сынақпен, адам өлімдерімен Керейхан бабаның тылсымнан соғыс ашумен жалғасатыны да хақ. Онда осы іс басында жүрген билеушілерге де ашық сынақ түсіп жан ұясына да қайғы-қасіреттің жүктелетіні де хақ.
Маған көп сауалдар келіп бұл жағдайды дұрыстайтын шынында қазақ халқында жетелі ел билеушілері жоқ па? -дейді. Неге болмасын, жеткілікті де. Бірақ негізгі іс басында жетесіздер отырғасын, жоғарғы жақтан тапсырма үкімісіз өзінше әрекет жасаулары да қиын. Себебі мұндай естілердің қызмет орындарын «Бериялық» тәсілмен артынан аңдып, сәл өздерінің қасқыр боп қой баққан саясатына қайшы келсе жұмыстан шығара салу оп -оңай болып алды. Мұндай іс басында полицияның, ішкі қауіпсіздік қызметінің жоғарғы басшыларының қатаң бақылауында болып және өздері ардың не екенін білмей, тек заңды тәңір қылып шоқынып, жоғарғы басшыларының тапсырмасына ақылсыз бағынатындар болып табылады. Бірақ мұндай надандықтан қазақ халқының рухани зұлымдыққа түсуін былай қойғанда, ортақ қазаннан миллиардтаған қаржының желге ұшуына сол қазанның басында отырған кеңесшілердің кінәлі екенін түсінетін аз ғана жетелілер не істей алсын?
Онда біз де күтейік, сіздер де сабырмен күтіңіздер, бәрібір құдайдың құдіретті қолы – әулие бабаларының аруақтарының жеңісімен аяқталып біздің көшеде де той болары хақ!