Ата жолы кітапханасы

Қиямет уақиғалары, ақырзаман үкімдері

«Хақиқат келді, сөзсіз негізсіз нәрселер жойылады» деген Раббымыз құранда. Шындық пен шынның арасында хақиқат тұратынын, ал хақиқаттың шындықты айыру мақсатында Алла тағала тарапынан түсетін ерекше хикметті білімі, белгілері, хабарлары екенін «Ата жолы және аққу сұңқарлар» атты тақырыппен баяндап жатырмыз. Әлемдік тұрғыда; Аруақ Алланың жаратып, бейнелеген шындығы, ғылымы болып, ал оның кітапқа, тағдырға айналған бейнелері, адамзаттың өнімі - ғұмыр кітаптары, қол-бала періште, қанаттары, жанның көлігі болып саналады. Қазақтың ұғымында ғана жан ғылымының сырлары нақылдармен, насихаттармен сақталғанда; Алланың хақтығы, растығы дәстүрімен бекіп, намаздық амалға айналған тура жолдың ірге тасын дін ғалымдары, діншілер, білімді қауым өкілдері ел билеушілерді айдап салып, халықтың санасынан өшіріп, қызылбастық елдің орта топтық дін салтын енгізіп, ақылдарымызды қазыққа байлап, енді тек заңмен ғана жүріп, ойлану еркін, жігерін жоғалтқан мәңгүрт елге жаппай айналып алғанымызды несіне жасырамыз?

Мұндай жағдайда ақ пен қараның теңдігі жойылып, қара түнек күштерінің үстемдігі басталып, әлемдегі де жаппай арсыздыққа Алладан жауап келіп, хақиқаты жер бетінде, жаратылыста, ықылым-райында, адамзаттың тағдырында ескерту мен ірі белгілері түсіп, ал ар-ұяттылығын сақтай алған пенделерге аян мен уахи және түрлі нығметтері де беріле бастайтыны, және бұл жағдай қазақ елінде ата жолы болып басталғанмен, ібілістің ұрпақтарына айналған білімді, дінші қауымның, оны да көктей солдырып, қудалап мазақтап, айыптап, халыққа мүлде жек көрінішті етіп тынғаны да хақ. Сонда да болса аятта; «Кәпірлер Алланың нұрын ауыздарымен өшіруді қалайды, сонда да болса Алла тағала өз нұрын тамамдайды» деген үкімі бар.

 

Сонымен; «Атадан қалаған ақ сауыт» - ар білімін араммен былғап, ата жолы дәстүрін ел билеуші мен білімді қауым өкілдері, шариғатқа да жат ұятсыздықтармен араластырып, әлемдік арсыздық салтқа бейімдеудің түрлі шараларын ойын-сауыққа араластырып, екі жүзділіктің (мұнафықтық), сөз жүзінде жындылықтың барлық амалдарын жасап жатқанмен, құдайдың нұры, ірі белгілері, азабы күн сайын, ай сайын шындық қуатының артуымен; надандық пен адамдықтың арасын ажыратып, тозақтық пенделерді бір топқа жинап, халыққа айқындап жатқаны да хақ. Енді біз де Құдай тарапынан келген хабарларды үнемі жариялап отыруды, мүмкін мұндай ібілістің ұрпағына, жамағатына айналып алған пенделер, ағайындарымыз тәубеге келіп, өздерін, жан ұяларын, ұрпақтарын құтқаруға, ата жолына қадам басар деген де үмітіміз бар.

  1. Қиямет мезгілінің қуаты артып, жуық арада жеті елге нәубет түседі.
  2. Қазақ елінде Бабыралы Бақанас ұрпақтарына сынақ түсіп, түрлі ауру азаптардың белгісі болады.
  3. Алдыңғы жазбаларда ескерткендей, Зайсан жақта желдің бағыты өзгереді. Сонан жасыл түсті шаң-тозаңның пайда болуымен халық түрлі ауру, індеттермен қинала бастайды.
  4. Мұқтар Шаханов ағамызға Құдайдан ескерту келді. Ата жолына келіп, аруақтар батасын алып, бірақ оны зерттеп меңгеруден бас тартқан еді. Осындай жоғарғы дәрежелі зиялы қауым өкілдері мен ел билеушілерге де кезегімен ескерту белгілері түсе бастайды.
  5. Жетілік түріледі. (Сандық, аруақтық сырлары ата жолы және аққу сұңқарлар тарауында баяндалып жатыр)
  6. 80 санның сыры ашылады. (адамзатқа ортақ жасыл қуаттың, Мұхаммед пайғамбардың аруағының тектік белгісі)
  7. Амангелді Иманов аруағы көтеріледі және Маңғыстау өңірінде Әйтеке би аруағының қолдауымен халық рухани ояна бастайды.
  8. Өзбек елінде Зеңгі бабаның аруағының қолдауымен өзбек халқы жаппай зияраттап, қазақ ата жолының үлгісін дәріптеуге бет бұрады.
  9. Қырғыз елінде арандатушылық белең алады.
  10. Қызылбастар мен бедеуиндер елінде өсетін зейтүн ағашының құнары жоғалып, халық арасында зәрулік пайда болады.

Сонымен жақында Астана қаласында қару-жарақ жинап, ел билеушілерге, ислам дінін меңгеруден бас тартқан қоғамның өкілдеріне  қастандық, бүлік ұйымдастырмақ болған топтың ұсталғанын қала әкімі жариялап, бірақ оның кім және қандай мақсатты топ екенін жасырған еді. Біз аруақтар арқылы Раббымыздан бұл зұлымдықтың жағдайын сұраған едік; «Теріс пиғылды діннің атын жамылғандардың Құдайға, шындығына, хақиқатқа қарсылық әрекеттерімен мәлім болған лаңкестер арқылы, қызылбас елінен қаражатпен қамтамасыз етіліп, қазақ халқын жаппай қызылбастық, араптық салтқа мәжбүрлеу, исламдық тұрғыда жаппай араптандыру мақсатында шет елден жасалып жатқан әрекет» екенін білдірді. Енді осындай жастардың ата дәстүрін, аруағын терістеген өз бауырларымыздың арасында жат пиғылды «намазхан», «масһабшылардың» көбеюімен, Құдайдың хикметін іздеп, түрлі топтарға, қысқа балақ, мұртсыз сақал қойған надандықтың жалғасып, көбейе беретінін ескертті. Яғни табандары тазармай, төбеден жүрекке қара түнек жын қуаттарымен жастардың жүктеліп, мұнан тек қана аруақ арқылы халықты жаппай түс көргізумен, аяндарға жалғаумен қазақ дәстүрінің адамдық құндылықтарын, үлгілерін қалыптастыру арқылы ғана тосқауыл болатынын білген жөн.

Бірақ, ондай жағдай қазіргі таңда мүлде мүмкін емес. Себебі біздің 15 жыл бойы Ясауи бабамыздан қалған мұраны жалғастырған Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп т.б. даналардың еңбегін түсіндіру мақсатында, аруақтардың аманатын және батасымен жазылған кітаптарды ақпараттық орындарда жариялауға мүлде тиым болып, ал халық арасына тегін таратуға да қаражатпен жәрдем беретін; ар-намысты, жетесі, санасы-кісілігі жетілген іс басындағы, ел билеушілердің шықпай жатқаны жасырын емес. Енді мұндай рухани зобалаңнан тек қана ар білімі, ата жолында тылсымнан аянға, уахиға жалғанып әулиелердің ақ батасына жалғанумен ғана өзімізді рухани өлімнен, ақталудан өткізіп, ұрпақтарымызды аман сақтай аламыз. Сондықтан; «Дүние мен байлыққа онсызда арамданған ұждан арларыңды сата бермей, өз қотырларыңды өздерің қасып үйреніңдер ағайын» демекпіз. (жалғасы бар Қараша 2015 жыл)