Ақырзаманның қандай белгілері болып, ондай заманда ерекше хикметтің жағдайлардында көрінісі болатынын, өлілер мен тірілердің қарым-қатынасы басталып, бірақ білімге мас болған пенделердің тажалға айналып, оған нанымы да болмай, керісінше білім арқылы заңдар шығарып, қарсылық білдіріп, қалайда Құдайдың ісін жоққа шығаруға арпалысы болатынын ежелгі заманда-ақ ғұламалар ескертіп кеткені де хақ. Сонымен қазақ елінде мына аяттың; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та (қияметтік белгі оқиғаларды, сынақ, азаптарды) олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) үкімі шындықтан құдайдың хақиқатымен, яғни түрлі аруақтық қуаттардың көктен жерге түсуімен шынға айналып жатқаны да сөзсіз.
Енді бұл жағдайда түсінетін қазақ елінде 900 кісілігі бар, яғни жындарын ақылмен басқара алатын, жанына қожа, ақылына төре тектілердің пайда болғанын да аруақтардан хабар келіп, сол аз ғана азаматтарға алдағы болатын тылсымнан келген хабарларды баяндап көрейік. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай..» деп Абай атамыз бұл айлардың біреуге жайлы, біреуге жайсыз болатынын сонау замандарда болжап кетіпті. Әрине ата дәстүрін сақтап, өлілерді риза қыла білгендерге жайлы болары да жылдың жемісін жейтін мезгілі болып, көктен ақ табақ нұрдың түсуі болып, құдайдың сыйына бөленері де сөзсіз. Ата жолын меңгеруге тырысып сынақтардан өте алғандарға, қасиеттілерге көктен жұлдыз түседі, тектілік қуаты артады. Ел билеушілердің қазақ елінің жеке мемлекет болып құрылуын аруақтардың ризалығына емес, пенделердің ойын-күлкі сауығына айналдырып, Керейхан мен Жәнібек бабаларымыздың зияраттарын көтеріп, құран оқылып, құрбан шалып ас бермей, мүсін жасап гүл шоқтарын қойып ата дәстүрін бұрмалағанына да көптеген сынақтармен жауап беріледі, беріліп те жатқаны хақ. Исламды мазақ қылып, гүл қою рәсіміне Алматы қаласында, поезд жолдарында апаттармен ескерту берілді де, енді тоқ -«электр» жүйесіне сынақ түсіп, сымның тұйықталуымен, қуат көздерінің өртке ұшырауы басталады. Көп қабатты үйлерде өрттердің саны артады.
Сонымен бірге желдің бағыты өзгеріп, өзге елдерден түрлі нәсілдердің ауып келуімен, ана тілін меңгермеген, өзге тілді жақсы көретін және арсыз, ұятсыздықты салтқа айналдырып алған елдің тұрғындарына жаппай нәсілдік өзгеру мен қара түнек күштерінің шабуылы басталады, ауру індет тарайды. Бұндай жағдайға ұшырауға імүндік қарсылығын әлсіретуге жас балаларымызды ағылшын тілін зорлап үйретудің де орасан зор зияны тие бастайды. Ата жолына қарсылық жасап аруағын терістеуге өз үлестерін аяусыз қосуға тырысқан Қайрат атты пенделерге жан ұясына сынақтар түседі. Жалаңбастықты сәнге айналдырған таз басын көрсетуге арланбайтын қасқа бастарға шақ түседі. Яғни Алланың үкімімен ібілістің қарамағына беріледі. Сол сияқты жалаңбастық әдетке де түрлі бас аурулардың індеті басталады.
Қожалар мен төре руларын қазақ тегінен бөлек, нәсілі бөлек ру қылып алғанға, құранға ортақ қосып, жан ғылымына жала қою себепті шек ара түсіп, нәсілдік ауысу басталады, яғни тектіліктері әлсіреп, ұрпақтары азады. Ел басымыздың ұлы жүзден шығып, және ұлы жүз руларының бабалар аманатына; «Қауға ұстап мал бағу» сертіне қайшы әрекеттеріне, тақуалықты меңгере алмай, «гендірлік саясатты» дәріптеп кетулеріне байланысты ұрпақтарында қыз текелер көбейеді. Бұл жағдайға байланысты Махамбет батыр аруағы өз әскерімен майданға шығады. Ата жолында жүрміз деп шайтан жамағатына, ібілістің ұрпағына айналып алған, арсыздықты дәріптеуші, жалған бата, ақпаратпен халықты алдаушыларға, аққу, сұңқарларға жаппай сынақ басталады.
Қараша, желтоқсан айы Жамбыл атамен ашылғандарға ашық сынақ, қыспақ түсіп, бес атаның өз кезегімен арам мен адалдардың арасын ажыратуы басталды. Жалпы қазақ дәстүрін меңгердік дегендер үшін де, аруақтық шындыққа қарсылық білдіретіндер үшін де Айша анамыздың Алла алдынан сұрап алған екі үкімі орындала бастайды. Ақ пен қараның арасына шек ара қойылады, кім адал, кім арам халыққа да мәлім бола бастайды. Ел билеушілердің арасынан осы мезгілде екі пендеге қыспақ түсіп, ескерту беріліп жатқаны да хақ. Қасымжомарт Тоқаев мырзаға да арнаулы ескерту келіп, оның немен аяқталуы да ата жолына жасаған амалына байланысты болмақ. Осылай кезегімен барлық ел билеуші, зиялы қауым өкілдеріне ескерту беріліп, ең жеңілі рухани өлім болып, ал көнбегендерге азап түсе береді. Осылай өздерінің ойдан шығарған заңдарына шоқынып, жер тәңірісіне айналып алғандарға құдайдың шындығы түсіп, құдіретті қолы аруақтарға қарсылық пәтуаларына өздері сүрініп, тозаққа құлайтындар арта бермек. Ал енді құдайдан үміті-иманы барлар куә болыңыздар, бұл соғыста құдайдың қалай аруақтарды сапқа тұрғызып, өз ұрпақтарын өздеріне жазалатып, қалай жеңіске жете алатын хикметті ісіне! Хақиқат тек қана Раббымыздан деп біліңіздер! (қараша 2015 жыл)