«Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде жұртпен туысың, өсуің, тоңуың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, барар жерің - бәрі бірдей, ақиретке қарай өтуің, көрге кіруің, шіруің, көрден машһарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүние қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың-бәрі бірдей екен.
Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгеніне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартпастық лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей пендеден тілеп, өз бетіммен еңбегімді жандыр демей, пәленшекеңдікін әпер демек-ол құдайға айтарлық сөз бе?..» (Абай 34-сөз).
Қазіргі таңдағы дінді меңгеруге тұрғандардың Бір Аллаға құлшылық қыламын деген сөздерінің түпкі ұғымын, құдайшылдықтың негізін Абай қарапайым ғана ұғыммен түсіндіріп кетіпті. Ел басымыздың көтерген «Біртектілік» ұғымы негізінде осы жағдаймен байланысты. Біртектілік болып ешкімге ұқсамайтын, ерекше бірбеткейлік болып, мұнан жалғыздық сипаты пайда болуы керек. Енді мұсылмандық тұрғыда осындай ерекшелікпен қоғамнан, ортадан, адамзаттық қауымнан бөлектеніп ерекшелену емес, керісінше біртектілігін меңгеру арқылы да адамзатпен бірлікте бір нанымда яғни адамдықпен бірдей болу дегенді білдіреді.
Бірақ қазіргі ел биліктің өздерінің діннен бөлек, яғни ел билеушілерге тән біртектілік қасиетпен, бұқара халыққа ұқмасайтын әдет, әдебін, салтын сақтайтын ерекшелікпен халықпен дос болудан бас тарту саясатын ұстанып, мұны; зайырлық деген қасиетпен түсіндіреді. Бірақ зайырлық деген қазақ елінің тұрғындарына ғана емес, жалпы адамзат үшін Абай атамыз түсіндіргендей; барлық жағдайда бірдей болумен, бір қуаттылықты меңгерумен байланысты құдайшылдық болып саналуы керек. Ал ел биліктің мұндай мұсылмандық әдепке қарсылық, гендік теңдік саясатының жағдайында бұл ұғым құдайшылдықты мазақтау ғана болып бейнеленеді.
Жалпы Мұсылман деп; Ата дәстүрін сақтаған мүмін жандарды атайды. Ал енді; Мұсыл-көктен келетін қуат 9 сандық белгімен басқа тақия сияқты белгімен келеді. Ман-тәндік қасиет болып; 1. Шеберлік 7-қасиеттілік; 2. Көріпкелдік 4-қасиеттілік; 3. Үнмен байланысты қасиет болып әуездік, һуаза деп түсіндіріледі. Және Ман-82 сандық белгімен сезімталдық қасиеттік жүйе болып бекиді. Мұсылмандықтың жалпы қағидасы ислам дінімен толық сәйкес келумен байланысты болғанымен, әрбір ұлттың тіл, діл, өмір сүруде, тамақтану, жер қуаттарын меңгеру, өңдеумен жаратылыстық ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлік ерекшелігін де сақтауды құран аятымен ашық ескерткенді.
Енді адамзаттың жалпы тегінің бір-бірінен мұсылмандық қасиетпен ешқандай айырмасы болмауы шарт. Себебі; «...шыққан жерің, барар жерің-бәрі бірдей, ақиретке қарай өтуің, көрге кіруің, шіруің, көрден машһарда сұралуың-бәрі бірдей, екі дүние қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың-бәрі бірдей екен.». Онда Бір Құдайдан тілеуіміз, құлшылығымыз да бірдей болу керек. Бірақ мұндай мұсылмандықты, Бір Аллаға яғни Раббымызға, Құдайға ғана құл болудың, құдайшылдықты бұзуда негізінде дінші, ел билеушілеріміз, білімді қауымдықтар алдарына жан салмайды десек жалған емес. Ел биліктің діннен бөлек саясат ұстанамыз, себебі зайырлымыз, яғни ішкі қасиеттеріміз мұсылман болғандықтан деген шатпақ сөзін есі ауысқан жындылар да айта алмайтын шығар. Бұл сөзді жалау қылып жиналыс сайын мақтанудан, ақпараттық жүйеден халыққа таратудан да жалықпайды.
Мұсылмандықтың, құдайшылдықтың талай ғасырлардан тәжірибеден өткен және осы арқылы бақытты өмір сүріп, тегін сақтай білген, тағдырлық аманатымыз болса да, «гендірлік теңдік» деген ел биліктің саясатын да есі ауысқандыққа жатқызуға ешқандайда да дәлелсіздік жоқ. Жалпы әлемнің жаратылысы күн мен түн, ыстық пен суық, жарық пен қараңғы, ақ пен қара т.б. қарсылықтардың өзара теңдігімен ғана өмір сүріп, тіршілікте көбейіп өсіп өне алады. Себебі бастапқы бүтіндіктің жартылық сипаттары болмақ. Және өзара тең қуаттарды да жаратпаған. Сондықтан әйел затының еркектен артық қуаттық жүйесі және кемісі болса, еркектерде сол сияқты. Қазақта «Екі жарты бір бүтін болу» гендік бүтіндікпен бірге айналуды білдіреді.
Енді осындай әлемнің бірлік жүйесін меңгерудің ғылымын, барлық адамзатты бір-біріне дос бауыр деп түсініп, Бір Құдайдан тілеп, құлшылық қылудың жүйесін дін исламнан табуымыз керек. Бұл құлшылықтың насихаты Құран болуы да шарт. Ал исламдық діншілердің өздерін намаз оқып, бес парыз ұстанумен өзгеден артық ерекшелік, мұсылман құдайшыл атап, ал қалған халықты құдайсыз кәпір деп атаудың өзі құдайсыздықтан, мұсылмандықты тәрк етуден пайда болмақ. Себебі ақиретте бес парыз намазыңнан емес, адамдықтан, ізгіліктен, сауапты амалдардан, жүректің тазалығынан, құдайшылдығыңнан сұрау болатынын ғұламалардың бәрі дәлелдеп кеткен. Қазіргі таңда тылсымнан аруақтар да мұны ескертіп көрсетіп, білдіріп жатқаны хақ.
Ал енді мұндай жағдайда Ханафи масһабы ғана біртектілікпен дұрыс дін, оны ұстанбағандар шала мұсылман деген құдайшылдықтан шығу емес пе? Төрт масһабтың төртеуі де белгілі бір біртектілік қасиеттерді меңгерумен байланысты екені де хақ. Бірінде артық, бірінде кем құлшылық әдептерін басын қосқанда, толық пайғамбарлық сүннеттің сипатын беруі шарт. Ол үшінде Бір Құдайлық жүйеге келіп, жасырын тұрған қарсылықтардан тазартуға, таза ақылдан жоба алуға келу исламның шарты болмақ. Төрт масһабтан бір жүйені қалыптастару үшін де шариғаттың білімі жеткіліксіз, тарихат, мағрипат ғылымымен ақиқатта нәтижесін көретін қазақтың дәстүрлі діні емес пе? Сондықтан Ханафи масһабы ғана Бір Аллалық болып, өзінше өмір сүруі де ешқандай жаратылыстың бірлік жүйесіне сәйкес келмейді. Мұндай пайымдаумен, онда басқа дін саласының бәрі Бірге қарсы, Аллаға серік қосумен байланысты болуы шарт. Жалпы масһабшылардың құдайшылмыз дегенмен, құдайдан жобасы бар, Бірге, Бізге жалғана алған ғұламасын да естіген, көрген пенде жоқ десек жалған емес. Ал заманға қарай берілетін Раббымыздың біздерден түсіретін білімінен құдайлық аят, аяндарын, уахиларын алмай кім құдайшыл болмақ? Әрине қарсылықсыз өзара сөз майданына түсіп сыналусыз ешқандайда білім, ілімнің бірлігін қалыптастыру мүмкін емес. Әрбір нәрсенің, мейлі атау сөздің болсын, жұбы болып дін іліміне қарсы философия мектебі діл ілімі арқылы, өзара сыналумен ортақ білімі ақылдың қуаты болып қалыптасуы керек еді.
Бірақ мұндай қауымдықтардың бұл өмірге мәңгілік болып келгендей, ажал жетіп өлместей болып; «... біреудің білгеніне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартпастық лайық па?» деген Абай атамыздың сауалына жауап бере алатын білімді қауым мен саясатшылар әзірге жоқ қазақта. Неге десеңіз өзінің жан, рұқ, малдық жаратылысын танып білмей-ақ, сондықтан тағдырынан, болашағының не болатынанан хабарын білмей Құдайын танымайтындардың жете, саналық ақылы ар сауыты қалыпты болмаса да, өздерін текті атап, қазақтың намысын жыртып, ал кейбіреулеріміз орыс ұлтын түгелдей зұлым деп араздықтың отын тұтатып жүргендер жетелі, саналы, арлы жалпы мұсылман да емес.
Осындай жағдайда «орысқұл, арапқұл» деген құдайшылық тұрғысындағы атау сөздерді пайдаланып, мұны жамандық ретінде түсінуге мәжбүрлеп жүргендер өздерінің күнәнің, шайтанның құлы, қызметшісі болып алғанын аңғарар емес. Өнер, ғылым, кәсіпті меңгеруде мұндай қасиет иелеріне құл болмақ Алланың өзіне құл болу, құдайшылдыққа жататынын да білген жөн. Себебі «жақсылық пен жамандықты да жаратушы Алла», Жақсылығына құлшылық қылғаның, оны көбейтуге дәріптелуге қызмет қылғаның; Алланың өзіне құлшылық қылуың.
Ал жамандығын Алладан басқа деп атап, Алланың достарын жамандықтың бастауы, Алладан басқа дегендердің өздері кәпір, шайтан жамағаты болып табылады. Алланың өзі сипатынан болған сүйікті құддары, пайғамбар, елшілерінің жан, кісіліктері арқылы періштелік нығметін көбейтпесе, онда кімдер арқылы көбейтіп үлгі қылмақ? Осындай адамдық жақсылықты терістеп жамандықты көбейтушілердің бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде мұндай шайтандыққа, жындылыққа мысал деген жеткілікті. Мысалға желтоқсан уақиғасын ұлт азаттық көтеріліспен тәуелсіздік алған күн деген мұсылман пендесінің ақылына сыя ма? Бұл уақиға дінге, замандық ұлттың тағдырына түскен сынақтың шешімін таба алмай, жаппай жынданумен байланысты ұлт тегін әлсіреткен күн, құдайшылдықты жоғалту деп қарау керек еді.
Егер жаратушыдан тағдыр жазылмағанда Кеңес үкіметі өзінен-өзі тарамас та еді. Желтоқсандағы жындылық қан төгістен қазақ тәуелсіздік алған жоқ. Қайта қаншама жастарды азапталып, қанын төгіліп сотталуға, тағдырына жамандық белгі алуға ғана апарып соқтырды. Экономикалық күйзелістен, дағдарыстан ғана Кеңес үкіметін таратуға құдай мәжбүрлегені хақ. Ал енді әлемнің тағдырын түсіну үшін ұлттың, елдің тағдырынан хабардар болу керек. Ал ұлттың тағдырының қалай жазылатынын білу үшін әрбір пенде өз тағдырын меңгеруді білу керек. Егер адам баласы өткен өміріндегі көрген жаманшылықты, немесе біреуге жасаған қиянатын үнемі еске алатын болса, онда жүрегі қатайып, ақылы азып жындыға айналады. Арақ ішкен пенденің де өміріндегі осындай бұзықтығын, жамандықтарын мақтана еске алумен, өзінің тағдырын жамандықтармен жүктелуге жол ашатыны да хақ. Қиямет мезгілінде адамдардың бәрі мас болады, олар мас емес, Алланың азабы қатты деген осындай жағдайды, жамандықты жақсылықтай көретін, көбейтуге жарысатын Құдайын ұмытқан заманды ескерткен.
Сондықтан ұлттың болшағын ойлаған есті адам баласы жамандықтарды еске алғанда оның дәріптеліп дінге қайшы болмауын да ескеру керек. Жаманнан жиреніп, жақсылықты ғана арттырумен айналысуды адамдық, құдайшылдық деген жөн болар. Ал енді «өзін, тағдыр дінін, дәстүрін, тегін сақтауды білместер» бұл уақиғаны дәріптеп, сайқал саясаттың, жындылықтың, дінсіздік, құдайсыздықтың еріксіз құрбаны болғандарды батыр атап, құдайдың алдында жауап беріп, ақталуларын қайтадан ауырлатумен айналысып тағдырларына, ұрпақтарына қарғыспен жүктеліп жатқандарын әрине түсіне де алмайды. Себебі адам баласы жамандықтардан тозақ арқылы тазарып, тек жақсылық, ізгілік тағдырымен жаннатқа өтеді. «Өлгеннің артынан жамандығын айтуға, еске алуға болмайды» деген даналар. Ал аруақтар тарапынан бұл саясатқа тоқтам салуға берген хабарларын тыңдамай, керісінше үдетіп жатқандардың артының қайғы-қасіретпен ғана аяқталатынына тағы да сынақ келіп, қаншама тағдырдың тәлкек болып жоғалуын кімдер ескермек?
Және бұл орыс ұлтымен араға астыртын ақиреттік, нәсілдік жалғанып тұрған достықтың жібін үзіп, жаулық, қарсылық салып жаппай жындылық нәсілдік, тозақтық жүктермен халықты жүктелуге, артынан азапталуға соқтыратын ібілістің жобасын атқару екенін де дін тұрғысында түсіне білу керек. Әрбір адам баласы бір-бірінен дүниелік, ақиреттік қайғы мен қуанышынан әлемдік тағдырдан бөлек бола алмайтынын, бұл замандағы әлемдегі болып жатқан дағдарыстар мен бүліктерге жаны ашып қайғырмайтын арсыздар ғана түсіне алмайды.
Ал әлемдік уағиғаларға ақыл тоқтатып ортақтаса білдің бе, онда бұл өмірге қонақ екеніңді де ақиретке барғанда басыңның домалап, сол қайғыға батқан, зұлымдыққа түскен елдің ішінен қайта жер бастыратынын да білген жөн. «Неге құмар болсаң соның күйігін тартасың» деген қазақта. Олай болса; «...Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгеніне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартпастық лайық па? Тілеуді Құдайдан тілемей пендеден тілеп, өз бетіммен еңбегімді жандыр демей, пәленшекеңдікін әпер демек-ол Құдайға айтарлық сөз бе?..» (Абай 34-сөз)...(жалғасы бар Желтоқсан 2016 жыл).