Ақырзаман дегенімізді біздерден бұрын өткен талай даналар болжап белгілерін де нақты көрсетіп кеткен. Ал ақырзаман пайда болған кезде адамзаттың зұлымдыққа түсіп, түрлі апаттармен, сынақтармен азапталатын және ақпараттық күрделі өзгерістің басталу кезеңі екенін барлық дін кітаптары да насихаттайды. Мұндай ақырзаман оқиғалары негізінде 4 кітаптың түсуімен байланысты төрт мезгілдік уақиғалар болса, ал жалпы оның саны құранда жеткілікті ғибраттары берілген. Және бұл замандарда негізінде 8 діннің өзгерісімен 8 түрлі уақиғалардың бір дәуірде қайталануы болса, ал дәуірдің саны 9 болып, аталарымыз; «Тоғыз жолдың торабында тоғысу» деп астарлы ескерткен. Біздің өмір сүрген заманымыз осы 9 дәуірлік уақиғалардың тоғысу кезеңі болып табылады. Бұндай заманды қиямет күні деп атап, оның ерекше белгілері түсіп жер бетінде қияметтік ескертулердің белгілі бір елді мекенге, мемлекетке байланысты сипатын қиямет сағаты деп атайды.
Қиямет сағатында; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16). Сонымен мұндай қиямет сағаты соғылатын елде дүние байлығына мас болған қауым ел басқарып, діннен бас тартып, құдайдан келген ескерту уахи, аяндарды, ел ішінен шыққан елшілікке тұрған қасиетті кісілерін мазаққа алумен көрініс береді. Және мұндай қияметтік сынақтың, ақпараттық өзгерістің де әлемдегі барлық діннің тұрағы бола білетін және сөз байлығында рұқ, жан ғылымының барлық өркениеттілігі қалыптасқан, ғылымнан құпия жан кітабын алған әулиелік дәстүрі бар елдің үлгі болып, сол елден де ақырзаманның негізгі сынағы болатынын да ескерткенді. Бұл оқиғаны; «Ғиса көктен түседі, Мәді жерден шығады» деп түсіндірген. Ал көктен Ғиса пайғамбарымыздың періштелік болмысы қазақ еліне түскеніне қаншама белгі де бар және зияраты қазақ елінде болу себебі де бар. Мәді – Мағди – Һұд пайғамбар болып табылады. Һұд пайғамбар номадтық тектің негізі болып біздің түпкі бабаларымыз болып Ақтөбе облысында зияраты бар. Ақтөбе облысындағы жердің өнім бермей, шегіртке басуы да сол бабамыздың басын көтеруге ел биліктің, дінші, білімді қауымдардың қарсы болуымен де байланысты.
Һұд пайғамбарымыздың жерден рұқы Мәді болып, аруағының мыңдаған қазақ тегіне жалғанып, құдайдың уахиын жеткізе бастауды Мәдінің шығуы деп атайды. Мұндай хикметті құбылыс (иманы жолдас болсын) марқұм Тарыбай ұлы Қыдырәлінің жүрек ашу мен аққу, сұңқарларды дайындаумен, толық хабар беруші Аллаға сыйынатын, (масһабшылардан саңырау, естімейтін, дұға тілектерге жауапсыз Құдайға емес) ата жолының қазақ дәстүрлі дінінің жаңадан сапасының пайда болуымен көрінісін тапқан еді. Мұндай ақпараттық өзгеріске дәлел, деректің яғни міндетті нұрландырушы хикметін түсіндіруші құранның жеті үнімен жалғану кітабы болуы шартты. Ол кітаптың алғашқыда болмауынан ата жолы қудаланып, сотталып «Жаптым жала, жақтым күйемен» халыққа жек көрінішті, қорқынышты қылғаннан кейін ғана қазіргі таңда жартылай жазылып, бірақ құранның 7 үні толық қамтылып халыққа таныстырылып та жатқаны хақ. Сонымен қазақ дәстүрінің жан ғылымын Абай-Шәкәрім аталардың философиясы мен Ясауи баба ақыл дәптеріне «лауқы махфуздағы» негізгі құранға жалғанудың сыры және көптеген осы уақытқа дейін ашық айтылмай қазақ даналарының астарлы түрде ғана айтып, жалпы халықтан жариялықтан жасырын ұстаған ғылымдық құпиялар да жарияланды.
Бірақ қазақ халқының ең үлкен қияметке ұшырауы да Алла тағаладан берілген сөз байлығы, жан ғылымы, ақылды меңгеру дәстүрі мен ғылымның бұлжымас қағидасы ар туралы білімді дәулетке мас зиялы, білімді, дінші аталған қауым өкілдері аяқ асты қылумен, сөз атауларының ұғымын зерттемей, заманға қарай қайта сандық тұрғыда қалыптастыра білмей, естілікті, саналықты жоғалтумен керісінше әулие-әмбилерден қалған мирастары мен өздерінің аруақтарын да ашық мазаққа айналдыруды салтымызға айналдырып алуға себеп болғаны хақ. Мұны ата жолы жазбаларында қаншама жыл дәлелдегенмен де тыңдайтын есті ғалым табылмай, ақырында қиямет сағатының үкімі түсіп, биыл үшінші жыл мұны бастан кешіп жатқанымыз да. Ең сорақасы ғылым деген «метафизикалық» яғни бізге беймәлім көмес, ғайып қуаттардың, жаратылыстың кереметтерінің себебін адамзатқа пайда, зиянды әрекеттерін, адамзаттың құпия жан, рұқ қуаттарының өсіп-өну, көбеюімен байланысты дүниелік тіршілікпен байланысын түсіндіру керек. Ал білім болса бізге мәлім болған құбылыстар мен және ғылымның көместік тұрғыда заманға қарай әрекеттен оны адамзаттың пайдасына жаратуға, өнерге, құралға айналдырумен айналысу керек.
Қазақтың барлық зиялы қауымы, ел билеушілері білімнің соңына түсумен ғылымды білім деп ұғынып, әлемдегі ең жоғарғы дәрежедегі ғылымның отаны болып қалыптасқан дәстүрі мен сөз байлығына, жан ғылымына ашық соғыс ашып, масқара зұлымдыққа түскендерін аңғарудан мүлде қалғаны да хақ. Сонымен ғылымның ақ бұлағынан 70-80 түрлі қияметтік ауру, рухани індеттердің себебін де «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген тақырыппен жарияланып таратқан ата жолы сарбаздарын ел билеушілер заңмен қудалап, соттап айыппұлдар салумен қияметтік сағаттың уақиғаларын үдетуге, құдайдың қарғысын жаудыруға да себепші болды. Біздердің берген ақпараттарды қазақ зиялы қауымы мойындаудан үнемі бас тартумен, ең соңғы дерек Керейхан бабамыз бен Жәнібек сұлтан бабаның зияраттарын басын көтеруді де ойыншық қылып ескермеді де. Және тағы да тастан мүсін соғып, соған гүл қойып тойламақ болған ел биліктің әрекетіне үлкен су апатымен ескертілді де. Ең соңғы ақырзаман үкімінің түсінуіне әкімдердің ұйымдастыруымен ел басымыздың шет елдің салтымен сайлау салтын өткізумен және Қарасай бабамыздың басына гүл шоғын қойып, баба аруағын, қазақ дәстүрін, исламды мазаққа алумен Алматы қаласында от апатымен көпір құлап ескерту белгі түсті.
Сонымен енді осы уақытқа дейін екі жылдан бері әрбір 6 ай сайын қазақ еліне келетін рухани сынақ, апаттардың 60-70 пайызы нақты іске асып, оның көптеген шараларын ел басымыздың алдын ала қам қылып, ел билеуде ақпараттық тұрғыда өзгерістер енгізуімен айналып та өткен едік. Бірақ енді сол кезеңдерде ескертілген жалпы халық арасында белгісі ғана түскен аурулар мен өлім, яғни ажалдық оғы болып «Арыстанның ақыруы» -«ақыр-заман» осы 2015 жылдың мамыр айының 22-мен 24 арасында үкімі түседі. Хикметті жағдаймен дінге, ата дәстүріне қарсы шыққан ер пенделердің оң тізесінен белгі түсіп, буындардан ұстап және қазақ елінде өлімнің саны күрт артады. Сонымен бірге Астана қаласына толассыз жауып тұрған жаңбырдың, түрлі дауылдардың саны артып, халықты әбірге ұшыратады, ортақ ұлттық қазынаны да ортайтуы сөзсіз. Әрине қандай да бір сынақтардан, қияметтік оқиғалардан бұрын Раббымыздан насихаты түсіп, оны қалай меңгеру де үйретіліп, мұндай сынақтардан аз шығынмен де ақталудың жолы беріледі. Ол жолды меңгергенде өкінішке орай санаулы ғана пенделермен шектелгенмен, ел биліктің оңды шешімімен бұл қияметтен де, еліміздің көптеген тұрғындарын мәңгілікке жоғалудан аман алып қалуға болады да. Сонымен бірге қазақ елі әлемде рухани көш бастаушыға, текті елге айналуымыз да хақ. Ол үшін алдымен не істеу керек?....(мамыр 2015 жыл)
Қазақ елінде 2015 жылдың екі жартысындағы рухани сынақтар белгілері
Шiлде айы; 7 облыста өрт апаттары орын алады. Балаларда кызылша ауруы көбейедi. Әйелдердiн жыныстык аурулары мен обыр аурулары үдейдi.
Тамыз айы; Қара судын кесipi тиедi халыкка, егiнге де кауiп төнедi.
Кыркуйек айы; Отбасылык ұрыс-керic, ажырасулар көбейедi.
Казан айы; Қан аурулары белең алады.
Караша айы; Ел билiк кысылтаяң кезеңге тап болады, ауыл, егiн шаруашылығы күйреп үлкен сынға ұшырайды. Бұл дінінен, құдайдың ашық белгілерінен бас тартып ата жолын, аруақтарын соттап қудалағанға да жауап деп біліңіз. Және бұл сынақтар ел билеушілерінің жеке бастарына, жан ұяларына түсетін қайғы-қасіретке қарай ауысады.
Желтоксан айы; Жол-көлiк оқиғалары, адам өлiмi күрт өседi. Кырғыз елiмен келiciмге қол койылады.
Сонымен бірге осы уақытқа дейінгі 2-3 жылда ескертілген белгісі түскен рухани сынақтардың қайталану мен жаппай халыққа да азаптары түсіп, түрлі оқиғалармен, ажалдың, індет дерттердің саны күрт арта береді. (Шілде 2015 жыл).
Бүгінгі заман ақырзаманың уақиғалары.
Қазақ еліне қияметтің ашық белгілерінің түрлі жағдайда хикметті көрініс болып түсуінің екі жарым жылға созылып, бірақ оған білімді қауымның қарсы тұрудың себебінен, халықтың Раббымыздың ескерту белгілеріне сеніп, иман келтіріп, құдайдың азабынан қорқып, рухани ұйқыдан оянуына кедергі болғаны хақ. Сонымен қияметтік белгілерге, құдайдың патшалық үкімдеріне ел билік пен зиялы, дінші қауым өкілдері ашық қарсылық жасап, ақырында мамыр айының аяғында ақырзаман үкімінің түскені де хақ. Бұл үкімнің түсу белгілерінің сипатын да және оның бекуін маусым айындағы көктен ерекше хикметті жеті түрлі белгі түсуі де жарты жыл бұрын ескертілген еді. Бұл хикметтердің жағдайын жүрегінің көзі барлар аңғарып, санап та жүрген шығыр. Оны анықтауды елдің өзіне қалдырайық.
Қандайда бір Раббымыздан берілген хабарлар, түскен белгілер халықты босқа шығынға батырып, азаптау үшін емес, керісінше мұнан қорқып, дұрыс амалға келгенде рухани өлім сатысынан өтуге, тағдырын ата-бабаларымыздың ғұмыр-аруақтық кітабына жалғауға және мұндай уақиғалардың адамзаттың өзінің құлшылығы арқылы жаратылыстың себептерін, қозғалысын басқаруға, керісінше жақсылыққа айналдыруға болатыны да тарихта дәлелденген. Бір мысал берсек; Жүніс пайғамбарымызға «Ниневи» қаласының жер сілкініп, опат болатынын хабарла деп, үш күн бойы көше кезіп жариялап шыққан екен. Сонан мұны патша естіп, жаман киімін киіп алып, көшеге шығып күлге отырып алып, құдайға жалбарынып кешірім сұрап, халықты да тәубеге келуге шақырған екен. Үш күн өтеді, бірақ жер апаты да болмай қала халқы аман қалады. Сонда бұл қалай енді мен елге, патшаға да өтірікші болдым деп, құдайға наза қылған екен бабамыз. Сол кезде оның лашығының жанына ағаш шығырып, оны су құйып баптағанмен ертеңіне солып қалғанына ренжіген екен. Сонда құдайдан уахи келіп; «бір ағаштың өлгеніне соншама жаның ашыды, ал жүз мың халқы бар қаланың аман қалғанына қалай қуанбайсың?» деген екен Раббымыз. Қазіргі таңда құдайдың ескертулерін таратып жүрген біздің жағдайымыз да осы сияқты.
Сонымен, қазақ халқының қияметтің сын сағатының ашық белгілерінің түсіп, оның да 2,5 жылын өткеріп үлгірдік. Қаншама белгісіз ажал болып жатқан апаттар мен от, су апатының Астана және көптеген облыс, ауыл, қалаларға да ашық қауіп төндіріп, ел тұрғындарының, мал-жануар, хайуандардың қырылуымен де белгісі түскенімен, бұған бұл Құдайдың бізге ескертуі, сөзі деп түсінуден бас тартып, дүниенің қызығына айналып, мастанған ел билеуші, зиялы, дінші қауымдар да енді қайталанбайтындай, енді мұндай оқиға болмайтындай тез ұмытып және құдайға қарсылық сөздерді әрі қарай жалғастырумен айналысып кеттік. Сонымен мүлде мұндай белгілердің себебіне амал қылып, жоюға амал қылғанымыз жоқ деген де бекер болар. Көкжиекті көріп өскен талай ел азаматтары да ел басшымыз да жақсылыққа қарай шаралар жасап жатқанымен, бұл жеткіліксіз болып жатқаны да хақ. Себебі біз әлде қашан құдайдың біздерге берген шегін, жол-жобасы мен ұлттық дәстүрімізді терістеп, оны ұстанғанның өзінде ардың ісін меңгермей, шайтандықты араластыруды арсыздық арқылы дәріптеуді әдетке айналдырып алдық.
Сонымен біздер әлемнің бар білімін алып, өнерді меңгеріп, ал дін тұрғысында масһабпен мәңгілік ел боламыз дегенмен біздердің ата-бабамыздан қалған мирас жүктеріміз күннен-күнге артып жатқаны, ал оны меңгеруге біздің тек бізге ғана негізделген «әділ заңымыз», дін масһабымыз, ұстанған салтымыз түгелдей қарсылықпен байланып, ұлттың жан қуатының әлемге қосар үлесі де күннен күнге азайып, өнім бере алмай құрдымға қарай құлап келе жатқан ел екеніміз де хақ. «Басқа бәле тілден» деген даналар мұндайды. Ата жол жазбаларында қазақ сөз ғылымынан оған қарсылықтарды және Раббымыздың ашық белгілерімен жан, рұқтан біздердің әлемде теңдесі жоқ бабаларымыздың меңгерген білімін жеткілікті түрде баяндап жатырмыз. Алда әлі баяндалмаған қаншама құпия сырлар да жеткілікті.
Енді бұл білімдерді халық ізденіп, оқып, түсініп жатқандары да жеткілікті. Және мұндай оқырмандар да күннен-күнге артып, құдайдың азабынан, ескертуінен қорқып, мойынсұнып, өздерін ата дәстүріне қарай түзеп жатқандар да күн санап артып келеді де. Бірақ бұл мұндай қияметтік мезгілде мүлде жеткіліксіз де. Себебі халықтың басым бөлігі ел билеуші мен білімді қоғам өкілдерінің, дін ғалымдарының шығармашылығына сенеді, заңға бағынады да. Бұл жерде; «Елді залым билеуші мен арамза ғалым, надан дінші бұзады» деген заңдылық жүзеге асып тұрғаны да хақ. Қандайда бір сынақтың, азаптың адам бойында, тәнінде қорқыныш өлім арқылы імундік қарсылығы пайда болатынын білімді қауым білмейді және ел билеушілер де керісінше халықты ештемеден қорықпауға, өздерін елдің қазынасының жеткіліктігіне, білім жетістіктеріне сенуге шақырады. Сондықтан рухани оятуға құдайдың білдірген ашық хикметті белгісін, ескертуін, сынақтарын білім арқылы анықтап, оны бір табиғи болуға тиісті құбылыс деп қабылдауға шақырады. Яғни әлемдік тұрғыдағы ақылдың негізделіп, бұртұтас халықтың бейтарап топастану жүйесіне, сол арқылы ішіп-жеумен, семірумен, дүние қызығына мас болып хайуандануға қазақ ел билігінің сяасаты да салты да негізделіп болғаны хақ.
Бір ғана мысалға жүгінсек; Қалачи ауылы мен Березовка ауылындағы болған жағдайларды ел басымыз қалайда білім тұрғысында анықтап, құдайдың бұл ісін дереу түзеуге тапсырма берілді. Сонымен жарамсақтар іске кірісіп кетті де, түбінде хақиқаты анықталатын, болашақ ұрпақтар алдында масқара болатын, өз бастарына бәле болып жабысатын шешімдерді де шығаруына себеп болғаны хақ. Франция ғалымдарына 319 млн. ақша төлеп, құдайды дұрыстауға шешім шығарылды. Онан не тауып, не ұтамыз? Жуық арада Құдайдың лағнеті артып, бүкіл халықтың несібесіне ауыл шаруашылығына да қауіп төніп, от апаты және қара су апатымен күйзеліске түсетін боламыз. Мұндай қаражатпен ата жолы қазақтың дәстүрі арқылы халықты өлімді еске алуға рухани ойпаттардан өтуге шақырып, қасиетті ұрпақтарды тәрбиелеуді ақпараттық тұрғыда жолға қойып, мектептерін ашып, қазіргі таңдағы қазақ еліндегі болып жатқан рухани сынақтарды 50 пайызға бір жылдың ішінде-ақ төмендетуге болар еді. Және қазақ елі әлемнің рухани тазаруға керуенге шығатын елі болып танылар еді. Сонымен бірге қазақ дәстүрінің негізінде әлемдегі барлық зұлымдыққа жауап беріп, әлемнің бейбітшілік өміріне жол ашатын, ақырзаман уақиғасынан алып шығатын қазақ халқы екенін дәлелдеуге де болады. Қазақтың дін дәстүрі арқылы ең басты табиғат апаттарын тоқтатып, елдегі халықтың мамыражай күн кешуіне, ауа-райын да әулие-әмбилер арқылы басқаруға, жер ана рұқының өзін, Алла тағаланың сөзінің нығметінің артуына да «Рахмет және ем шипасының» хикметіне де жол ашуға болар еді. Мұндай жағдайда әлем халқы қазақ елін ақылдың кені, рухани көш басшы ретінде қабылдап, басқа шаруамыз да өзінен-өзі өркендер еді де.
Енді бұл жағдайдың қазақ халқының рухани дағдарысқа түсу себебін білген оқырмандар көптеген сауалдар қойып жатады. Соның бірі; «Сіз ел билікті құтқармақ болып сынағамен, ел басшымыздың жағымды да жағымсыз мінезі өз ойынан қайтпайды, қалайда қар, су басып, теріс ағып жатса да ол өз ойын ешкіммен де санаспай, заңмен күштеп орындатуға тырысады, құдайды да тыңдамайды» дейді көпшілік. Бұл әсіресе ана тілін меңгермей, үш тілмен елді білімді қыламыз, шет елден артық боламыз, масһаб ұстаныммен тура жолдағы және шаруашылықты жетік меңгерумен, өнер білім арқылы, махаббат, ғылым, ақылсыз-ақ мәңгілік ел боламыз деген пәтуаларға байланысты да. Бірақ ақырзаманның үкімі түсіп, өлім деген құдіретті күшке есік ашылып, ал өлімнің алдында қандай да мықты қорғандарың, зәулім сарайларың, балаларың, малдарың да жәрдем бере алмай, әлемді қалтыратқан ел билеушілердің өзі тізе бүгіп, пенде болып жаратылғанын мойындайтыны да хақ. Мұнан асып артып кеткен ешқандай адам баласы болған емес, бола алмайды да. Сондықтан ел басымызға өлім туралы осыдан екі жыл бұрын шамасында ескертілген еді. Өз басынан мұны алып бірақ қауымнан, ұрпақтарынан ол үкім алынуы мүмкін емес. Бір өлімді өз қауымында жеңіл сынақпен өткерді. Ал, енді «Жұт жеті ағайынды» деген қағиданың үкімі ел басшымыздың да тағдырында басталып та кетті. Қалған алтауы қашан, қалай болады, оны құдайдың өзі ғана біледі де. Сонымен ең құдайға жақынымыз, әлемнің де алдында беделге ие бола алған ел басшымыздың халы осындай болғанда қалғандарымызға не сөз? Ал шынында бүкіл ел билеушілерге «Қараң келді» деген үкімнің орындалуы басталып кетті. Әлде де болса бұл сынақтарды жеңілдетуге де болады. Құдай рақымды, шексіз мейірімді де!... (жалғасы бар, Шілде 2015 жыл)