Отыз елдей боламыз деген ел биліктің саясатымен қазақ елінің рухани дағдарысқа ұшырауына адамдық құндылықтың дүниемен ғана өлшеніп, арсыздықпен тоғышарлық, жемқорлық, теспей қан сорушылықтың қоғамның барлық саласында еркін өсіп көбеюіне әкеліп соқтырғаны сөзсіз. Мүмкін Раббымыздан белгі болар, менің өз басымнан өтіп жатқан уақиғаны халыққа, ел билікке онда да талағында биті бар, қанын таза ұстай алғандарға ғана, ал жүрегі мөрленіп, көкірек көзі соқырларға (әсіресе ел билеушілерге) түсініксіз жайтты баяндап көрсем.
Құдайдың бұйрығымен батысқа жол түсіп, әлеуметтілік тобымызға Бекет атаға зияраттап нұрдың көзін ашуға тапсырма келгесін, жұмысының жағдайы тағы басқа себептермен ұшаққа билет алуға тура келді. Сонымен әдеттегідей «Авиата. кз» сайты арқылы билеттерге тапсырыс беріп, Ақтау қаласына бару келуге билеттерді құжат бойынша рәсімдеуде тек латын таңбасымен ғана жазу керек екен. Сонымен темір жолға билет алғандай егер аты жөніңде немесе бір иин, құжат дерегінде қате болса, онда міндетті түрде ескерту келіп, қайта түзеп жазуға тура келеді. Әрине бұл өте қажетті қызмет.
Әлқисса осындай тәжірибеге сүйеніп билетті алып, ақшасын төлеп енді біреулерден «егер билетте аты жөнінен қате болса ұшаққа жіберілмейді» деген хабар бойынша қызмет көрсетушілерге қоңырау шалып, алған билеттердің дұрыс-бұрысын анықтауға тура келді. Баққаным бақа болып, менің латын таңбасымен біліктілігім жоғын пайдаланған компания арнаулы қақпан құрғанын сол кезде бірақ білдім. Керилица таңбасымен бір әріптің үндестігі сәйкес келмесе, қабылдамайтын құлтемір енді латынша не жазсаң да бәрібір қабылдай береді және мұны білетін компания басшылығы енді онан қосымша пайда табу көзін ашып алыпты. (Тикетс кз сайтында әрбір латынша жазатын орында құжатқа сәйкес болуын ескертіп қойыпты да, ал Авитада ол жоқ). Бұл жағдай заңмен бекітілген жемқорлықтың заңды түрі мен сияқты жыны тазарған аңқау үлкен кісілердің қалтасын қағуға да қолайлы екен.
Сонымен мен ағылшынша (U~Y G~Z H~N) таңбаларын Кер баба (керелица) үндестігінен алып, оны себебі сана түгіл жетесі бар пендеге керісінше қабылданбайды. (Бұл жүрегі мөрленген жалаңбас жетесіздерге түсініксіз ақыл, жан халі). Қош, сонымен аманатқа қиянат жасауға болмайды, олай болса билеттің біразын қайтарып темір жолмен жіберуді ұйғарсам, онда 25 пайыз айып пұл және борт серігінің жалақысы, бензинің шығынын қоса есептеп яғни 59 мыңға билет алып қайтарсам бір ай бұрын болса да 27 мыңды ұстап қалады екен. Сосын бұл билетті онан да қымбатқа сатуға болады.
Оның да жүйесін қарасам; Ақтаудан кейін қарай екі билетті алып 5 сағаттан кейін қалған билетке тапсырыс берсем 7-8 мың теңгеге қымбаттап шыға келіпті. Қош, сонымен арада компания қызметшілерімен біраз келісімге сөз болып, сонымен билетті міндетті түзелуі шартты екенін компьютер жобасының бұл қателігін компанияның міндетіне, қызметіне кірмейтінін түсіндік. Ал енді онда мен қазақ жерінде тұрып мемлекет заңымен міндеттелмеген латын таңбасынан зардап тартып және құжаттағы аты-жөнім және иин, сандық дерек көзінен латынның бір таңбасының мәні зор қауіпсіздік сақтауға қызметі барын амал жоқ мойындауға тура келді.
Қазақ елінің азматтығым, Кер баба таңбасын құдайдың өзі орыс елі арқылы бекітіп жер араға жалғануға қызметі бар ар таңбасының құны көк тиын және ана тілімнің де түк құндылығы жоқ болып шықты. Олай болса, ал енді құдіретті әуе қызметінің қауіпсіздігін қорғайтын латын таңбасын қалай жөндеуге болады деген сұрауға үш таңбаның құны 5 мың теңге тұрады екен. Демек бұл енді бөлек арнаулы мен сияқты аңқауларға құрылған қызмет саласы болып шықты. Жарайды деп бұғанда келісіп, құжаттарды жіберіп көрсем, әр билетке 5 мың теңге төлейсіз деген хаты келіп және бір билет мүлде жарамсыз (жарамсыз болса неге ақшасын алған?) қайта өткізіп алу керек екен. Яғни тағы да 30-35 пайыз айыппұлын төлеп, қайтадан жаңадан мүмкін қымбат бағаға алуға тура келеді екен.
Маған компанияның басшысына барып өтініш айтуға кеңес берді таныстарым. Себебі мұны қайда арызданғанмен де тыңдайтын ел басшылары (Тоқаев, Масимов, Нығматулин, Назарбаева, Жақыпов т.б. депутат деген сияқты) жоқ, олардың өзінің мүддесі қалайда халық үстінен көбірек ақша табу екені сөзсіз. Бұған енді Құдайшыл тобымыздың өзгеше күрес жолы барын елге таныстыра кетейік. Енді мәжбүрлі түрде 45 +27..мың ақшаларын төлеймін. Ол ақша маған Құдайдың берген жалақысынан яғни елдің түскен, қатымға берген садақалары демек ауру, азап жамандық жүктерімен байланысты. Бұл құпия ақ бақсылық істермен байланысты құланның қасынуы, шүріппенің басылуы, Құдайдың оғының атылуы болып тұрғаны сөзсіз.
Оны компанияның басшыларына ма әлде біреуіне ме жүктеп азабын беру Құдайдың өзіне қалдырайық та, енді аян арқылы білдірген Раббымыздың хабарын жариялап көрсек. Маған сұрауыма аянмен жауап келіп; Скат ұшағымен екі рет бұзылып қайта қонғанын, біраз ақаумен қирауға дейін барғанын көрсетті. Яғни біз Бекет атадан зияраттап өткеннен кейін екі рет апатты жағдай болады деген белгі. Сондықтан біз мұны алдын ала сайттарда жариялап, қай айға келетінін сұрап, елге ескертумен бір ай бойы бұл компаниямен ұшудан бас тартуын сұраймыз. Сонымен бірге әрине Құдайға сенбейтіндер ғана ұшып, ал қандай жағдайда апат болады, мүмкін көптеген адам шығынымен бе ол Құдайдың ісінен.
Осылай Скад компаниясының елдің үстінен мұқтаж болған сайын қымбат билеттермен осындай айлекерлік тәсілмен қанаушылықпен түскен пайдасының бәрін Құдай қайта алуға үкім бергенін, халық алдын ала білсін. Және ұшақтардың құлауы тек қана компанияның қанағатсыз қомайлығынан ғана емес, халықтың да арсыздығына Құдайдың ашық жауабы, азабы екенін де естен шығармаған жөн. Ал осындай билік басында отырған жемқорларға енді жазылмайтын ауру, от басының күйреуі деген ол бөлек сынақ болып «Құдайсыз қурай сынбайды» деген ұғымға қазақ елі енді 7 жылда толық сенетін Назарбаев билігінің жемісі қызыл қырғында өмір сүріп жатқанын да естен шығармаған жөн. Ештен кеш жақсы, әр нәрсенің де құтылу жолын Құдайдың өзі ата жолына көрсетіп білдіріп жатқанда бұл хабарды жадыңызға тоқып алыңыздар, түбінде қажетке жараймыз, қияметтің сынына ешқандай пенде сынақсыз, азапсыз, жапасыз өтуі мүмкін емес.
(28 желтоқсан 2019 жыл)