Ата жолы болып басталған қазақ елінің бар әлемдердің рухани көш басшысы болып, алтын ғасырға аяқ басатын да едік: Ал енді керісінше қияметтің ұйығына әбден еніп келе жатқанымызға бірден-бір дәлел; табиғаттың түрлі апаттар мен жаман дерттердің ушығумен, жастардың өлімінің көбеюі де ашық белгі бола алады. Бірақ біздің ел билігіміз құдайшылдыққа, ата дәстүрімізге ашық соғыс жариялап, қалайда жеңуді алдарына мақсат қойған сияқты. Егемендік алдық деген 25 жылдың ішінде дүние табудың, әлемдік мал табарлық жолдың барлық саласындағы тәжірибелерін, өзімізге қажет пе, қажет емес пе, зиян, пайдасын ажыратпай көшіріп қайталауға да әбден машықтанып алғанымыз хақ.
Әрине мұндай дүниелік жетістіктің басында ел басымыздың өзі тұрғанын және еңбегі де айтуға тұрарлық. Бірақ рухани азық алу, әлемге қуат қосудың қазақ дәстүрін мүлде жерлеп тынғаны да хақ. Мұндай қара қуаттық жүйенің ғана ықпалында өмір сүрудің заңдылығын; перілік жүйе деп атап, құдайшылдыққа қандайда бір қайшы діннен де өте қауіпті ғылымды меңгеруге де ашық қарсылық, зұлымдық екені сөзсіз. Шындығында біз арғы беттен келетін дін бүлікшілерінен қорқамыз да, бірақ ең қауіпті жау іштен ірітіп ондай бүліктерден мыңдаған есе шығындарын былай қойғанда ғылымның маңызын жойып біліммен ғана бағалау арқылы ділдік қан тегімізді жоюмен, жалпы ұлттық нәсілді түбегейлі өзгертіп құртуға арналғанына да аңғарудан қалғанбыз. Бұл дәйектемеге сеніңіз не сенбеңіз, бірақ түбінде Құдай бұл шындықты хақиқатымен шынға шығарады да. Әзірге жыл санап үдеп келе жатқан табиғат апаты мен жұттың белгілеріне қарап ақылдарыңызды тоқтата тұрыңыздар. Құдайдың әділдігі сондай, бұл апаттарды мүлде болдырмауға да ата жолында халықты арсыздықтан тиып, рухани оянуына алдына ала өліктермен сөйлесу арқылы, әлемге қуат қосудың тақуалық жолын меңгеруді, өз тағдырын тазартып басқарумен байланысты әлемдік уақытқа да әсер етудің жолын үйретуге үкім берілген еді.
Бірақ бұндай құранның жеті үнін меңгеру арқылы ашылатын ғылымның құпия сырын кереметімен бірге меңгеруге қарсы қазақ ел билігінің перілік жүйесі; масһаб атты діндік секта арқылы бекіп үлгерген де еді. Неге десеңіз; Құдайшылдықты меңгерумен барлық әлемнің діндерін топтастырып ислам дінімен бірлігін қалыптастыруға және барлық өмірдің саласында да жаратылыстың сырын, діннің ықпалын түсініп меңгеруге ғылымға жол ашылады. Ал масһаб т.б. ислам топтары өздерінің белгілі парыздар шегінде ғана дінде болу болып саналды да, ал оны орындай алмағандар өзіннен-өзі дінсіз, кәпір болып шыға келеді. Арап көктемінің басталуы да осындай секталық ұғымға, ғылымды меңгеруге қарсылықпен байланысты болғаны сөзсіз. Сондықтан да қазақ ел билігі діннен бөлек «зайырлы мемлекетпіз» деген саясатты ұстанады. Бірақ «Зайырлықтың» діннің бір сыры екенін аңғаруға ел басымыздың өзінің ақылы жетпегені де сөзсіз. Олай болса, елдің әлеуметтілігі рухани өмірімен тылсыммен байланысты болса, қазір дүние тіршілігіндегі жеңіл тұрмыспен деп түсіну де қалыпты жағдай. Себебі ақылды жетілдіретін ғылымның маңызын жоғалтып алғанбыз. Сол сияқты қазақта рухани қазына байлықтың басқарушысы 136 ойпаттық сипаты, яғни онан талай мыңдаған нұрлы жерлер ашылуы керек болса, оны енді тұрғын үй салатын орын деп түсінеміз. Екінші сипаты әйелдердің жатыры нұрлы жер болса, қазір еркектермен тең дәрежеде шалбар кигендіктен нұрсыз жынның, қаралықтың ошағы болып саналады.
Сонымен арсыздықтың әлемдік тұрғыдағы барлық әдеті, қылығы бүгінгі таңда заңмен қорғалатын қазақтың замандық салтына айналып болды да. Енді бұған біртұтас аруақтардың лағнеті болып, Құдай тарапынан қияметтің үкімі арта беруіне де барлық негіз бар. Қандайда бір заманның, уақиғалардың нәтижеленетін мезгілі келеді дейді Раббымыз. Қазақтың да басына алтын ғасыр орнап әлемге, бүкіл адамзатқа үлгі аға ұлт болатын да күні туады. Бірақ өскелең жастарымыз, ұрпақтарымыз бүгінгі таңдағы жетістігіміз ғана емес, біздің қателіктермізден де сабақ алып, тарихта тағлым қылып ғибрат алулары керек.
Сондықтан да ата жолы жазбасы тағлымдары арқылы белгілі мерзімді көрсетіп Раббымыздың ескертуі мен ата жолының қателігі және оған қарсы топтарға, білімді қауымға, ел билеушілрге сын айтылып үнемі жалғастырып келеміз. Нәтижесіз болса да біздердің аруақтардың аманатымен көптеген ел билеушілерге жеткізіп және жеткізбек болған аманат сөздерді, орындалуы болмаса да тарих жадында қалуы үшін осы амалдарды орындау да міндетті екені сөзсіз. Ақтөбе, Қызылорда облыс әкімдеріне жолығу, аруақтар аманатын жеткізудің ешқандай мүмкіндігі болмай керісінше перілік ел басқару жүйесінің мықты қорғанына тап болғанымызды баяндаған едік.
Енді Алматы қаласының әкіміне де осындай шаруаны жеткізуге, яғни Құдай мен арадағы Мұса пайғамбарымыздың жасаған саудасындай әрекетке шақыруға, халыққа «Құдайсыз қурай да сынбайтынына» дәлел беруді алдымызға мақсат қылған едік. Бұрынғы әкім Есимов Ахметжан мырза басқарған кезде, үш жыл бойы қалаға келетін кенеттен шығын келтіретін сынақтарды белгілі бір амалдарды аманаттарды орындау арқылы тоқтатуға болатынын жеткізуге талпынғанмен ешқандай нәтиже шықпаған да еді. Арты ұшақтың құлап қаншама адамдардың қазасымен де аяқталған еді.
Сонымен енді Алматы қаласының Байбеков Бауыржан басқарған бүгіні таңда әкімге, орынбасарларына тізіліп, қабылдауын сұрау дұрыс жолға қойылғаны өзге облыстарға қарағанда әлде қайда жеңілдік бары айқын білінеді екен. Менің әкімнің өзіне тікелей жолығып құпия айтылатын хабарды барын ескерткенде, хатшы әйелдің ешқандай кедергі сылтаусыз-ақ тізімге алып және өзінің мұны тікелей әкімге жеткізіп айтатынына уәде беруімен, мен де ризашылықпен шақыруды өзінен күтетін болып Астанаға қайтуға тура келді.
Оқырмандарға түсінікті болуы үшін қазіргі таңда төтеннен болатын және мемлекеттің қазынасына зор шығын әкелетін уақиғалар мен халықтың да тыныштықта шығынсыз тіршілік етуіне жағдайды Құдайдан сұрап, белгілі бір амалдарды орындау арқылы хақиқаты ашылып, ата дәстүрінің тура жолы болып табылатынына, Алла тағаланың жер бетінің барлық қозғалысын, уақытты да өзінің достары әулие-әмбилер арқылы басқаратынына да халықтың көзін жеткізу еді. Әрине мұндай жағдайда қазіргі таңдағы ел басқару саясаты мен дін саясатының бүлікшілдермен күресу амалдарының бәрі жалған екі жүзділік болып танылып, халықтың да ашу-ызасына тиетіні сөзсіз. Бірақ қара түнек күштерінің басқаруына, әлемдік «Армагеддондық» яғни перілік жүйеге негізделген яғни өрісі шеңберленген қазақтың рухани саладағы барлық билеушілері мен білімді қауымның жүректеріндегі қарсылықты оятатын мұндай істі қорқынышпен қабылдап, қалайда жолын кесуді, енді жол табарлығы жоқ мал табар ел басшыларының бақылау, тапсырмасынсыз-ақ өзінен-өзі жүйелі түрде атқарылуы да рухани заңдылық. Бұл қарсылық жағдайды біздер алдын-ала білгенімізбен де, сонда да түбінде тарихта ұрпақтарымызға ғибрат болып қалсын деген оймен ғана әдейі осындай жауапсыз әрекеттерге ерінбей барып жүрген жағдайымыз бар. Құдайдан пәрмен болмай, ел билеушілерге азап қыспақ түспей, халықты онан әрі тұңғиыққа батырып тозақтықтардың санын арттыра берудің ібілістің жобасы «ұлт арманы» болып жалғаса беруі де сөзсіз.
Сонымен енді түрлі су, от, жол апаттары және шегірткенің қаптауы мен егіннің аптап ыстыққа күйіп шығын болуы, ғарыш ұшағының апатқа ұшырап, халықтың өкпе тағы басқа дерттерге ұшырауы және түрлі кенеттен болатын дерттер мен жұттық белгілер және біздердің алдын ала жарты жыл бұрын беріп жатқан деректердің де орындалуы жалғаса бермек. Әрине ата жолдық біздер де босқа қол қусырып қалмаспыз да, шамамыз келгенше бір пендені болса да құтқарылуға, арамнан тазартуға шақырып және оған қызмет жасайтын қатарымызды көбейтуге тырысып бағамыз. Ендігі кезек Астана әкімінің рухани ахуалын (рейтинг) да байқап көрейік... (жалғасы бар Мәуліт айы 2017 жыл)