«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Ағарған таңға, (1) Құрбан айының алғашқы он кешіне. (2) Әр жұп пен таққа. (3) Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.(12) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды.» (89-13) Бұл аят бойынша әрбір жылда құрбан айында шектен шыққан елдерге құдайдың сынағы түсіп және бұл сынақтар қай күні жұп немесе тақ болса, бір жыл бойы сол күндердің қауіптілігі де артады. Жалпы исламның шектен шығуына, адасуына Мекке қаласында жүк көтергіш кранның мешітке құлап жүзден астам қажылыққа барған адамдардың ажалымен үлкен белгі түсті де.
Әрбір жарты жылда алдағы болатын рухани ескертуді Раббымыздың білдіруімен жариялап келе жатқанымыз да кейбір оқырмандарға белгілі. Әрине мұны ел билеушілер оқымай, білмей отыр дегеніміз де жалған болар. Сонымен құрбан айының алғашқы он күндігінде түрлі от апаттарымен, жол көлік апаттарымен, адам өлімдерімен де ашық белгілер түсті. Әсіресе Алматы қаласында болған трамвайдың өздігінен жүріп 17 көлікті қиратқаны да құдай тарапынан ірі белгі екені хақ. Бұл апаттардың да себебін адамдардың қателігінен деп, кінәліні міндетті түрде тауып жазаласақ болды, құдай да риза болады деген саясатты ұстанатын ел билеушілер, керісінше құдайдың ашу-ызасын арттыратыны да хақ деп біліңіз.
Сондықтан қазіргі ауа-райының да құбылмалы болып ескертуіне де қарамай, егінді толық жинай аламыз деп халықты сендіргенімен артында үлкен шығынға бататын қауіп тұрғаны да сөзсіз. Негізінде Құдай қандай да бір апаттармен, сынақтармен белгі беріп, алдағы мұнан да зор шығыннан құтылудың жолын іздеуге мерзім беріп рухани халді сынайды. Бірақ мұндай апаттарға, өлімдерге құлақ та, көз де үйренгені соншалықты артынша тез ұмытып, арымызды емес, дүниеміздің қамын күйттеп кету де қалыпты құбылыс. Олай болса, бұл сынақтар енді айдан айға, жылдан жылға қауіптілігі де, азабы, көлемі де арта береді.
Сонымен біздерге берілген хабарлар бойынша құрбан айының сынағы Атырау жақтағы атқамінерлердің кенеттен болатын өлімдерімен де бекиді. Елдің туы төмен түседі. Егіннің жағдайы да өте қауіпті, ортақ қазанымыздың ортаятын да қаупі артып келеді. Қыркүйек айы жындық қара қуаттардың артуымен байланысты, болашақта оқыс оқиғалардың, індет, өлімдердің де артуымен белгісі түседі. Әйелзаттарына қауіп келіп, өлімі де арта береді. Және мұндай жағдайда құстардың ауруының белгісі түсу қаупі де зор. Ел билеушілер халықты құдайдың азабымен, өлімімен қорқытып, ел тыныштығын бұзу деген пәтуа шығарып, өздерінің ібілістің ұрпағы, қаралықтың еркіне жәрдемшісі екендеріне ғана дәлел береді.
Ал шынында кім Құдайдың азабынан, сынағынан, өлімнен қорқып амал қылса, сауаппен, құрбандықпен, ізгі іс істеуге, арамнан тазаруға тырысса, онда мұндай тосыннан болатын қауіпті жағдайлардан да айналып өте алатынын, әркім өз отбасын, қауымын да құтқара алатын мүмкіндік те барын естен де шығармаған жөн. Егіннің де бәрін болмаса да жартысын қазақ дәстүрі дін шаралары, аруақтардың көмегіне жүгініп құтқара алуға да болар еді. Бірақ мұны түсінетін, арланатын білімді ел билеушілер табылмағандықтан, халықтың да осындай қияметтік сынақтар арқылы тәрбиеленуіне тура келеді. (Қыркүйек айы 2015 жыл)