Ата жолы кітапханасы

V-Қиямет мезгілі және жер-ел-тіл дауы; дін дауының салдарына Құдайдан жауап белгілері

Әдеттегідей жарты жыл бұрын Раббымыздың ескертуін жариялап; Шілде айында; Жауын-шашын көп болады. Таулы жерлерде су тасқындары болып, халық шығынға ұшырайды. Берекеті кетеді. Жол апаттары орын алады. Шығындар көп болып, ел қазынасынан көп қаржы шығын болады. Егінге де өсіп жетілуіне зиян келеді деген сынақтың толық көрінісін байқадық. Астана қаласына қайта-қайта топан су қаптап және ол негізгі ел билігінің ордасы маңында болғанымен, бұған мән беріп шара қолдануға ұмтылған ел басшы, дін басшыларымыз болған жоқ.

Сонымен бірге керісінше жер дауы, үш тілділіктің діл дауы, дін дауының өршіп Алматы қаласындағы оқиғаны да діннің әрекетіне жаба салумен, ел билеушілердің заң арқылы қалайда Құдайды түзеуге талпынысы үдей түскені де мәлім болды. Ал енді Тамыз айында; Егін алқабында қара құрттар көбейеді. Егіннің жартысына жуығы бүлінеді. Жауын-шашын азайып, алғашқы ортасына қарай 10-күндігі ыстық болады. Халық арасында іш аурулары көбейеді деген ескертудің қалай аяқталуын да бақылап көрейік. Тамыздың алғашы орта он күні ыстық болып егіннің құрттауы да, іш ауруында ақпараттық жүйеде білім тұрғысында құдайдың ескертуі қияметтің азабы емес, табиғаттың әдеттегідей құбылысы деп түсіндіріп халықты алдаумен айналысуы да сөзсіз.

Ел билеушілердің, заң қорғаушылардың ұлттың жанын жоғалтуға, мемлкетіміздің жаппай ұятсыздық, арсыздықтың түнек күштерінің құлдығына түсуімен, құдайсыздығы мен халықтың дүниеден басқаны ойламайтын арсыздығына, діншілердің қазақ дәстүрін сыртын алып ішкі сырын терістейтін екі жүзділігіне Құдайдан қандай сынақ жауап болады деп сұраңыз. Сонымен тамыз айынан бастап; 1. Адам өлімі көбейеді. 2.Дақпырт сөздер халық арасында көбейеді. 2. Күйгелектікке жол қойылады. 3. 64 санымен байланысты сынақтың кезеңі басталады. 4. Жалаңаш, жалаңбас арсыз пенделердің терілеріне белгілер түсіп, тері аурулары көбейеді. 5. Күннің аяқ астына ысуы мен таудан көлеңке іздейтін уақыт болады. 6. Дәнектер шашылады. 7. Түрлі кездейсоқ шығындар көбейіп дорбалар ортаяды. 8. Аруақтық, тағдырлық қарыздарын өтей алмаған халық арасында жоқшылар көбейеді. 9. Бел ортаға түседі. 10.Дүдәмалдық көбейеді. 11. Халық арасында болашаққа, бүгінгі елдің жағдайына алаңдаушылықтар артып, көпке жайылады. 12. Еңкейместер (тәкаппарлар, байлығына сенгендер, ел билеуші, заңгерлер, діншілер, ғалымдар, құдайға сенбестер) құдайдың құдіретіне, хикметіне, азабына жолығып еңкейеді. 13. Қазіргі таңда өздерін керемет білімді, ақылды, дінші санаған, аруағын, ата жолын терістеп, қалай болса солай сөйлеп жер сатуға да ұрандап жүргендердің екі елі ауыздарына төрт елі қақпақ сынағы түседі. 14. Елде қымбатшылық пайда болып, ел биліктің ұстанған саясатына деген халықтың сенімі мүлдем жоғалады. Қияметтік мезгілдің белгілері түйінделеді. 15. Қамал бұзылады. 16. Қазақ ел билігінің «гендірлік» атты саясатымен қыз, қатындардың ұятсыз арсыздығына жауап үкімі басталып, төс аурулары, көкірек жеті безінің құрттауымен жандарының өлуі күрт көбейеді. Ата дәстүрін ұстанбайтын әйелдердің жастары 61; 63; 65 жылмен шектеледі. 17. Сонымен бірге ата дәстүрін ұстанушы қажырлылар да көбейеді. 18. Ил-дария, сыр смандық ашылады. 19. Дәулеттілер арасында Атымтай Жомарттар көбейеді. 20. Жеті қат жердің астындағы құпия 8-ші қабаттың ашылуымен сары түсті нұрдың жер бетіне шығуымен аянның есігі ашылады. 21. 9 құпия Алла тағала хикметі жария болады.

Әрине қазіргі таңда қандай апат болса да халықтың, ел билеушілірдің еті өліп, әлеммен бірдей солай болуға тиісті деп қабылдағанмен, қазақ халқының өз жолы әлемге үлгісі болып, қияметтік сынақтан жеңілдікпен өтуге берілген ата жолын, өлілермен тілдесіп, Раббымыздан таза ақылдан жоба алып, рухани тәрбиеші болуға тиісті ел билеушілердің өздері азапқа түспей, жақындарын жоғалтпай құдайдың ескертулеріне мән бермесі де хақ. Сондықтанда ата жолын соттаған зұлымдық заңдарын қорғап бағады да. Бірақ олардың да енді (11 жылда қайталау) кезегі келіп, құдайға ашық жала қарсылықтырына да жауап келе бастайды. Ел басшымыздың да от басына, өз басына қауіптің төніп тұрғанын да біле жүріңіздер. (1 тамыз, 2016 жыл).