Адамның рухын аспанға көтеріп, табиғи қабілеттерін шыңдайтын; Икемділіктері мен нәпсі мен жан қалауының қажетін екшеп, елейтін; Өмірдің түрлі бұрылыстарына деген пікірлерін түрлендіріп, реттейтін; Құштарлық, құмарлық, ынтықтық, асықтық нәпсілік сезімдеріне шек қойып, асытып-тасытпай, жамандықтардан қорғайтын; Сыртқы жан киімін, түйсігін және ішкі сезім қуаттарын тасытпай, кірлетпей қорғайтын; Жүрек жұмысын қалыпты ұстап көңіл татын тазалайтын; Ойды бағыттап, кеңітіп даму мен кемелдік шыңы қанағатпен ынсап шыңына көтеретін – Ғибадат! Әр елдің шаруашылық жүргізу әдістеріне қарай ғибадатын; жеріне, суына, тіліне, заманына қарай орындауға тиісті қағидасын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атайды. Әдетті ғұрыппен біріктіріп, заманына қарай қайталап орындай білуді намаз деп атаған абзал.
Бірақ ұлттық саясатымызда асыл дініміздің қағидасы болмағасын европаға ұқсау қажеттілік болып, мемлекеттің ісінде діннің белгілі мақсаты көлеңкеде қалып, «гендерді» жыныс арасы ғана емес, ұлттар арасындағы қажеттіліктің біріне айналдырып, арты жастардың құмарлығын арттырып, сонымен бірге қанағат та өліп, гендерлік саясатпен асыл геніміз өзгеріске ұшырап немесе өнімін бере алмай, ұрпақтарымыз, жастарымыз ажал құшып жатыр. Ынсап кетсе ақ өлімнің ауылы қашық. Ынсап - өлшем, ақылдың қызметшісі. Әрбір пенденің ынсаптық белгісі құйрық пен кеуде төстің қатынасынан айқын есептеледі, көрінеді. Әйелдеріміз оны көшеде, көгілдір терезеден ел алдында масқара болғанымен тұрмай, тылсымда қара күштердің құшағында жүргенін сезінуден қалды. Ұятты адам баласы тиым, шектен шықпау арқылы ғана күтіп ұстап тұра алады. Ұятын, иманын жоғалтқан пенде тойымсыз, мешкей, қанағатсыз болып келеді. Ал қанағат нәпсінің тәрбиешісі. Ынсапшыл, қанағатшыл болу тек дініңді танып білу арқылы мүмкін болмақ. Дін – ақпарат. Сондықтан дін қашаннан қиянат! Өлшемін, шегін білмесең дін-апиын! Сондықтанда таза ақпаратты алу үшін, сол ақпаратты алу жолында еңбек етіп, биік шыңына жеткен Алланың құлдарын, достарын, өзіңнің туысқаныңды табу керек те, соған еліктеп, көрсеткеніне ере білу керек. Ондай туысқандарымыз арғы бетте бірі батыр, бірі ақын, бірі әулие-әмби болған кезінде.
Тарихыңнан тағлым алып, әрбір оқиғаларды жүйелеп, басы мен аяғын көре білгенде ғана ақыл ұзарып, көріпкелдік қасиет те құс болып қонады. Иман ұшып келеді. Ал өз еліңнің, халқыңның қажеттілігін, мұқтаждығын білмеуден немесе әдейі ескермеуден өзіңді тану, өзіңе, ісіңе, тіршілігіңе қанағаттану тоқтайды. Ал өзін тани алмаған пендеге шайтан күдігін салып, күдік пен күмәннан қорқыныш пайда болады. Қорқыныш тәуекелшілікті тежеп, әдет-ғұрыпты, дәстүрді де өзгеріске ұшыратуға себепші болмақ. Кедей болып қалудан қорқу - дүниенің соңына салып қойып қанағатты жояды. Сүйгенінен айырылып қалуға қорқу - қызғанышқа түрткі болып, әртүлі ашу-ызаға, бейәдеп істерге, шаңырақтың шайқалуына себепші болмақ. Біреулер өсектейді, жамандайды деген адамнан қорқыныш - жалғандыққа, жарамсақтыққа, сырты бүтін, іші түтін пендеге айналдырып, әсіресе қыздар тәрбиесіздікке соқтырады. Ауырып қалудан қорқу - жалқаулықты туындатып; төзімділікті, жігерді, намысты, батылдықты тежейді. Әдемі көрінбей қалудан қорқу - бүкіл салт-дәстүрлік істерге қарсылықты туындатып, әсіресе әйелдерге тән мақтанға құмар құбылыс болғасын, жасандылықтың бар ұрығын өсіріп онан қан азып, ана сүтінің ашуымен, ұрпақтың азғындауын туындатады. Түрмеге түсіп қалудан қорқу; негізінен заңды бұзбауға, қоғамдағы тәртіпті сақтауға қажеттілік болғанымен, соған байланысты түрлі айлакерлік, қулық, жағымпаздық және парақорлық пен жемқорлықты дамытады. Өліп қалудан қорқу; кәпірлік пен имансыздықтың басты белгісі, көп күнәлардың жасалуының негізгі демеушісі. Иманы толық адам баласында осы қорқыныштың бірі де болмайды. Ең бастысы өлімнен қорықпайды, жаратушы тарапынан берілген уақытты қадірлей біліп, тіршілігін де соған бағыттап, өмірде өзін танып, ізін қалдыруға тырысады. Бар берілген несібе; денсаулық, байлық, атақ, дәрежелердің өлшемін, ынсабын меңгеруге ұмтылады. Ал ынсапшыл, қанағатшыл қашанда болашағын болжайды, қанағат пен сабырды шыңдайды. Ынсапшыл, қанағатшыл адам бекзаттықты оңай меңгереді. Бекзаттық - өзін-өзі тануда. Бірақ оған тарихи тәжірибеден өткен салт-дәстүрді меңгеріп үнемі қайталау, яғни намаз қылып жаттығу керек. Толық иманды болу дегеннің екінші мағынасы парасатты болу, яғни қазіргі көп әкім қаралардың зайырлы деген сөзі осы парасаттың, иманның ішкі сыры.
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамда мемлекет саясаттан еншісі бөлек, елдік дініміз ғылымнан да іргесін аулақ салып, шеттің ықпалды қаржысы барлардың мүддесін қорғап, жарнамаларын дәріптеудің нәтижесінде құмарлығымыз құштарлыққа онан шексіз қанағатсыздыққа, тойымсыздыққа ұласып, жастарымыз тәнді таза ұстау ғылымын меңгермей, намаздың жаттығуларын, сұрап үйренудің араптарша сәжденің оқуын ғана меңгеріп, бедеуилерше селкілдеп зікір салып, түріктерше тақуалық жолдамын деп, оған да қанағаттанбағандар сырттан келген түрлі дін ағымдарының соңына еріп, арты өзге жұрттың өзін-өзі өлтіргенімен қоймай өзгені де қоса жаратын көрінбейтін мүйізі бар, жөгіттерге ұқсаған ата сақалы «мұрты»-ақылы, еркектік қуаты жоқ, «қыз текемін» деген ырыммен және мақалсыз сақалы бар, кезінде аталарымыз «жөгіт» деп атаған қазақи бойын, өз еліне өшпенділікке кернеген, сол үшін құрбандыққа құштар, «құмар» қанағатсыз, ғибратсыз жастардың өсіп шығуын ғана жетілдіруде.
Не ексең болашақта соны ғана орасың. Бақшаңа жабайы өсімдіктің тұқымын сеуіп, тәтті өнімін күтпей-ақ қой. Өзге елдің шежіресі сол елдің ұрығы «Рұхы». Рұх туған жерге, нәсілге тән болса, Рух жаратушыдан берілетін дән қабы, киімі. Дін жолының да еңбек ету тәсілдері мен ортасына байланысты амалдар ерекшелігі болуымен 72 түрлі еңбекті електен өткізіп қажеттісін алғанда ғана тура жолға қарай бастайтын ізге түсетінін, еңбектін мәнін «намаз орындау» деп аталған құлшылық түрін ұмытып та қалдық. Қашанда еңбексіз келген арам тамақ, ақылмен өлшенбеген арсыз іс болып тәнді бүлдірсе, өлшенбеген дәлел түсіріп бекітілмеген дін құлшылығы сананы улап, жеке пенденің ғана емес ел басына да, қоғамдағы да қасіретті тудыруы сөзсіз тарихи дерек. Елдің сана-сезімін қалыптастыру арқылы өркениетті ел боламыз деген сөз әлем халқына ортақ ұранға айналған. Сол сана-сезім деген не? Орны қайда? Қайдан пайда болады дегенге жарытып пәтуа беретін діншіні немесе ғалым-психологты таба алмайсың.
Сана орны жүректе, сезімнің тұрағы нәпсіде екенін қазақтың даналары жазып та, айтып та кеткен. Енді бұл қуаттардың жетілуімен ғана сабырлық, тақуалық атты қасиеттерді жетілдіруге болатыны дінде айқын жағдай. Бірақ осы сезім мен сананың басты жауы «шайтан» болып табылады. Ғалымдарға ертек, діншілерге айқын құбылыс болғанымен бұл сөзді тек арап тіліне байлап қойғасын көп халыққа күмәнді. Шайтанның негізгі қызметі де білінетін бейнесі қанағат пен ынсаптылықтың басты жауы «күдік» деп аталады. Барлық пенделікті, екі жақсының басы қосылса арасына от салып жел беруші, елмен елді жауластырып, сенімді аталған діншіні де орға жығатын осы «күдік» болар. Адам болып туылған соң күмәнданбау мүлде мүмкін емес те, бірақ тәрбиесіздіктен, өз ұлттық болмысыңнан, ана тіліңнен жеріңе, еліңе деген махаббатың болмаса міндетті түрде шайтанның күдік деген ауруына ұшырауың сөзсіз.
Осындай қазақ елінің күдік ауруы өзге жұрттың әдетін, әдебін қоса алуымен өзімізді надан, өзге елден қор, әйелдеріміз еркінен айрылып еркектен кем, жастарымыз өркениеттен арта қалып бара жатқан сияқты т.б. түрлі қорқыныш күдік ауруымен бесіктегі баламыздан басқа әйтеуір түгел болмаса да көп қазақ осы ауруға шалдыққанымыз, яғни ібілістің жолына шайтанның тұзағына түспегеніміз аз шығар. Әуелі енді осы аурудан емдейтін діншілеріміз сырқатқа ұшырады. Арап деген діннің арқасында мұнайын сатып, ақшасын бөліп алып, еңбексіз жатып ішіп, тек намаз оқып рахат өмірде тіршілік етеді, ал қазақ намаз оқымағандықтан азапқа ұшыраған, онда біздегі әулиелерді Алланың қалауы емес, аталардың мақтан үшін ойлап шығарғандары, олар «шерік қосқандар» яғни мүшкірік, кәпірлер екен деп ақылы толмаған жастарымыз түгіл мүйізі біліммен қарағайдай болған ғалымдарымыз, ел басқарушы әкім қараларымыз да осы күдік дертіне ұшырап, рухани қайыршыларға айналғасын, ақырында жаратқанның жауабы, сынағы- қиямет оқиғасын тездетуге себепші болды. Оған дәлелді алыстан іздеудің қажеті шамалы. Күнделікті сайтанның салатынын ашықтан-ашық көрсететін үйіңіздегі сиқырлы сандықты қоссаңыз күдігіңізді күн санап өсіруге мүмкіндігіңіз жетіп жатыр.
Осы шайтанның салатын күдік дертінің арқасында діншілердің өздері бір-біріне сенбейтін, ашкөздік, ақшаға шоқыну, дүниеге талас және ата-баба дінін тәрік етуді енді жалпы ел болып дәріптеп, тіптен баспасөз майталмандарының кәсібіне айналғаны қашан. Екінші ел басқаруда, Алланың артықша нығметі берілген басшылар арасында осы күдік дерті асқынғаны сонша, елдегі болып жатқан жақсылықтарға да күдікпен қарап, осы патшамыз өз адамдарын жинап, маған да тиесілі қазынамызды шетке сатып, болмаса жерімізді, елімізді сатып, өздері шет елге қашып кете ме деген күдік ауруының өсуіне дем беріп, ақылы толмаған жастарға жел беретін түрлі партиялар, ұйымдар, қоғамдар құрып, әйтеуір елдің арасынан ақылы кемдеу науқас біреу шыға қалса дереу жариялап, дем беріп, болмаса шет елден көмек сұратып әлекке түсуде. Шайтан бұл салада да өз жеңісін тойлауда. Енді осы күдік ауруының алдын алуға жаратқаннан белгіленген жан саулығының күзетшілері өздері де осы күдіктің дертіне шалдығып, қасірет болып келген арсыздық, ұятсыздықтың түбі жалпы халықтық індетке айналатынын қаперге де ілмей, өздері қайта теріс үлгі жалаңаш арсыздықтың, әсемдіктің үлгісі әйел затының қуыс жерлерінде екенін дәріптейтін шипагерлік, емшілік қағида түгіл, қазаққа тән дәстүрлік тән тазалығының қарапайым қағидасын да жалғанға айналдырушы, аурудың алдын алудың орнына, ауырғандардың есебін алатын толық шайтанның жәрдемшілеріне, ібілістің сарбаздарына айналып алғаны қашан. Өйткені жаратқаннан берілген басты сынақ білімге күдікпен қараудың орнына бүкіл қазақ данышпандары өткен, нақты болған, дәлелденген салт-дәстүрімізге, дінімізге күдікпен қарайтын болдық.
Жастарымызды өзге елдің ойын құмарлығы, сауық-сайран, еркіндігі қызықтырып, әйелдеріміз, қыздарымыз арсыздығын, еркіндігін әдетке алып, енді жаратқанның міндетті түрде жазалап, лағнетке ұшырататынына күдіктенгеніміз сонша, ауырса да, кеміс бала туса да, әртүрлі сынақтардан өлім келсе де дәрігерлерімізді немесе ел басшыларын жазғыратын, үкіметті болмаса құдайдың өзін заманды жазғырып, ақша, дүние деген жалған «тәңірге», яғни бұтқа табынатын болдық. Осындай күдіктің дертіне ұшыраған пенде міндетті түрде үнемі өзіне-өзі ырза болмай, көптің көзіне түсу үшін тәнін де, жанын да құрбан етуден тайынбайды. Сондықтан оны көгілдір терезеден дәріптеп дем берушілер де осы шайтанның сыбайлас сарбаздары мәдени қайраткерлер, тілшілеріміз. Бәріне бірдей ондай «жұлдыз» болып жарқырап, бір күн болса да «керемет» бола алмағандар не істеу керек. Сондықтан ондайлар жерді, яғни дінін, қасиеттерін, әуретті жерлерін өртеумен айналысатын, түрлі секталар құрып, талтайып намаз оқып, айқайлап Құдайды шақырып, қалғандары ойына келген оспадарсыздықтарды өнер қылып өмірге әкелуде. Енді аралық тағы бір тобы зейнеттерін ашып арсыз киіммен дінші болып, бірлері әнші қажы, жалаңбас, жалаңаш қажы, бала қажы, бірлері «ата жолы, ақ жолдық» деген мақтан кәсіпті меңгеріп, еркек шора тырна-аққу, нәпсіні қоздырып жын-шайтанды бейнелейтін сұңқылдақ аққу, сұңқарлары европалық немесе дүние мас, түтінге тұншыққан көкірегі лас, жаңа қазақ дегендей өзін түзей алмай елдің дінін түземек болып, мақтан іздеп, қаралай әлекке түсіп, керісінше ата дініміз осындай ма дегендей шайтанның «күдігін» таратушыларға айналып кетті. Бұлар да шайтанның діннің ішіне енгізген сарбаздары, қызметшілері. Енді мүлде ешқайсысына жатпайтын бейтараптар да бар. Бейтарап дегенмен сайқымазақтар қатарын толтырып; «дінші болса неге өйтеді? Әкім неге бүйтеді? Дәрігер болса неге емдеп жазбайды, байлар неге ақшасын халыққа таратпайды, өзге жұртта өйтеді де бүйтеді» деп жатып атар жазғыштар, айтқыштар мен негізгі өсек пен ала ауыздықтың, яғни шайтанның қатардағы қарапайым «күдік салушы» қызметшілері болып табылады.
Осындай күдік дертінің мақсаты да адам баласының бақыт деген жаратқанның берген сыйын бағалатпай, қанағатсыздықтың ұрығын сеуіп, тойымсыздық арқылы өмірдің сыйы қуаныш-қызығын тонап, құсалық деген қасіретке апарып тірейді. Енді ондай құсалыққа ұшыраған пенденің тәні сасып, шіріп, түрлі иістерден амалын іздеп, құсық яғни ісіктерді кестіріп және енді ондайлардың құдайы да, табынатыны да тапқан қаражаты мен «дәріні-егер» атты мырзалардың құзырына қызметке тұрып, үкімет дәрі-дәрмегіне, тегін емделуіне міндет артып, болмаса алақанын жайып демеуші іздеп күнәсіне, алған жазасына өзін емес өмірді, айналасындағыны жазғыратын жалақорға айналады, яғни тағдырға сабыр деген адамдық құндылық келмеске кетеді. Шайтанға да керегі осы, адамның тағдырын тәлкекке айналдыру. Енді бірі тағдырына күмән келтіруден, теңізде аққан ескексіз қайық секілді немесе жасынан өмір өзенінде қалай малтуды үйретпей, еңбексіз өсіп, тек көшенің тәрбиесін көргендер де құсалыққа ұшырағанда өзіне-өзі қол жұмсау, түрлі хайуандық әрекеттерге барумен, тіптен болмаса «сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей ұрпақтары қыршынынан қиылып, тұқымы азып мәңгілік тозақты тірідей көре бастайды. Осы күдік дертінің қоғамда көп кездесетін, еркек пен әйел арасында болатын қарапайым түрін кезінде даналар мынандай мысал келтіріп кетіпті; « Жұптасқан екі көгершін ұясын бидай мен арпаға толтырыпты. –Қазір ағыл-тегіл науқаншылық кез, дән деген аяқ астында шашылып жатыр емес пе? Бұл азыққа тимелік. Ертең қыс түсіп, даланы қалың қар басып қалғанда-еш нәрсе таба алмайтын күн туған уақытта, қорымызды жеуге кірісейік, жарай ма?-деп Ата-көгершін әйеліне маңғаздана қарап ақыл салады. –Айтқаның дұрыс Бас ием, дегенің болсын!-деп Ана-көгершін бұған бірден келіседі. Олар келіскен іске қызу кіріседі, тасыған бидай мен арпа дәні дымқыл екеніне көңіл аудармайды, ұя толғанша нығыздап үйеді. Осыдан соң Ата-көгершін бір жаққа сапарға кетіп, көп уақытқа дейін оралмапты. Ақыры ұясына қайтып оралғанда жазда жинаған дәндері жел қағып кеуіп, көлемі көзге тым қораш болып, азайып-ақ қалыпты. Мұның мәнісін түсінбеген Ата-көгершін: -Ұяға жинаған қорымызды қыс түскенше жемеуге уәделесіп едік қой, сен неге айтқан сөзіңде тұрмадың?!-деп, қанаттарын қайта-қайта сабалап қағып, қауырсын-үкілерін күжірейтіп қатты ашуланады. –Мен бір түйір дәнді аузыма салмадым!-деп, Ана-Көгершін ант-су ішкеннен басқа қалай ақталарын білмейді. Шынында жазда жиналған арпа-бидай дәнінің ұядағы орны азайып, біраз жер босап қалғаны ақиқат қой! Сондықтан оның айтқанын Ата-көгершін қалай сенеді?! Ең болмаса өзінің ұрлығын мойындамай тұрғанына, әйелінің екіжүзді мекерлігіне жынданған Көгершін-Ері байғұс Көгершін-әйелінің жалынып қарғанғанына құлақ аспайды. –Жасыңды өтірік ағызба!-деп, алып ұрып, астына басып, төмпештей жөнеледі. Кейін алдымен көзін шоқып, сосын тілін жұлып алып, өлтіріп барып жаны жай табады. Лезде күз түсіп, жауын жауады. Әлгі үйілген дәнге тағы су тиеді. Олар быртиып ісініп, ұя қайта толып, тіпті аузы мұрнынан шығып кетеді. Ата-көгершін ұяның дәнге лық толғанын, жинаған қорларының қайта қалпына келгенін көріп, өзінің ақымақ болғанына ашынады. – Орынсыз күдіктің құрбаны болып, Сені жазалаған күнәмді енді қалай жуамын? Сенсіз жердегі өмірдің мәнсіз екенін енді ғана түсіндім, адал Қосағым! Қанша іздесем де табылмайтын, Асылым!-деп, әйелінің қабіріне барып, қатты қамығып жоқтап, жылайды. Қыс түсіпті. Ата-көгершін, Ана-көгершін екеуі жинаған дәнді щоқып аузына салса, өңешінен өтпепті. Көктем шығыпты… Бұл әңгіменің аяғы-мынау; жадырап жаз шығар мезгілде жылы жақтан оралған бауыры Ата-көгершінді іздеп келгенде қаңқа сүйегін тауып алса керек. Әрине оның айналасында жазда көгершін-қосағымен екеулеп жинаған, қыста үсіп, көктемде шіріген-еңбек еткендерге бұйырмаған арпа-бидай дәні қиқым болып шашылып жатыр еді.». Ғибрат ал оқушым. Бұндай мысалдар қазақтың жан ұялық өміріндегі қалыпты жағдайға айналды.
Әрбір халықтың өзіндік тарихына тән уақиғалар желісінен құрылған шежіресі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген өмір мектебінің кітабы бар. Ол кітаптан хабар алып, ғибрат алған пенденің әрбір қылықтың, істің қандай нәтижемен аяқталуға тиісті болатын білімін меңгеруді тәлім-тәрбие деп атайды. Ал қазіргі мәдени ақпар беру басылымдарымыз өнер ұжымдарының жастарды және жалпы халыққа көрсетіп жатқан туынды шығармалардың, кинолардың т.б. басым бөлігі жалған ойдан пайда болған алдамшы бақытты өмірдің көріністерінен үлгі алып, соған еліктеген жаңа заманға сай деген европа ислами әдебіміз тек күдік білімін қалыптастыратын шайтан ілімін дәріптеушілердің үстемдігін орнатуға ғана септігін тигізді. Сонан енді қазіргі жаңашыл қазақ деген ұлт пайда болды. Олар кімдер десеңіз?; «Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ. Түсінігіміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі - анадан туғанда білмей туатындығымыз; бұл - «табиғи» надандық, екіншісі - шынайы данышпанның «білмейтіндігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмәм қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімнің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар-ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып-шытып әрнәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәкаппар менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне-өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашолақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауаттты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады». (Паскаль.)
Қазіргі қалыптасқан дүниеге мас тайпаның соңынан ерген халық та, білімді аталған тобымыз да европалық әдебімізге де, білімімізге деген күдігіміз мүлде жоғалып орнына жалған бақыттылық сезім рухының ібіліс жолының жәрдемшісіне айналғанымыз соншалықты, мыңдаған жылғы тарихымызға күдік келтіріп, әлемдегі теңдесі жоқ асыл дініміздің қазығы; Алланың құдірет қолы, адам баласының асыл кітабын, яғни аруағын жүздеген әулие-әмбилердің көрсеткен хикметті білімін де жоққа, жалғанға айналдырып, сабырлық деген киеден айырылғанымызға, жаратқаннан түсіп жатқан лағнеттерге мән беріп, білімділігімізге, тура жолдың қисығына бұрылып алғанымызға күдік те келтірмейтін болдық. Керісінше, әлемде тура жолын тапқан біртұтас ел болып, әлем мәдениетінің үлгісі, діннің қазығы Адам атадан бергі келе жатқан асыл сөздердің қазынасын сақтаушы ел болып, бүкіл пайғамбарлар қасиеттерінің тегін сақтаушы ел болғандығымызға ел, дін басқарушыларымызға дейін күдік дертіне шалдығып, арты көгершіннің құсалығына ұшырап, болашағымыздың көретін жаратқан сыйын қуаныш-қызығымызды бір-бірімізден қызғанып, рухани байлығымызды, несібемізді тонатып жатқанымызды сезер де емеспіз. Данышпан бабаларымыз; «Өзің түгіл, өзгеге түпкі зардабы ауыр тиетін болса, біліп тұрмын деген ісіңнің өзіне, көзім анық жетті деген көріністің өзіне аса күдікпен қара!» деп аманат қалдырыпты.
Әрбір болуға, болып жатқан оқиғаларға үшінші қырынан қарауға мүмкіндік беретін Раббымыздың уәдесіне, яғни түп негізімізге бақытқа бастар тура жолымызға қайта оралу үшін бүкіл халыққа ортақ оқитын білім кітабы болу керек. Онда кімге және қалай күдіктену керек деген жаратқанның өзі әрбір пендесіне жеке-жеке үйрететін кітабын, жалпы адамзатқа ортақ «Құранын», яғни түс арқылы көріп, оны жору ілімін меңгеріп, осы күдік дертінен халықты сауықтыратын ем-шипа, рухани бұлақ «Ақ бастау», «Аруақ» заңдылығына қазақ елі ғана емес бүкіл әлем халқына келген қасіреттен, тығырықтан шығарар тура жолдың негізі болмақ! Құранда Пайғамбарымызға да «Сен тура жолдың үстіндесің» деп жаратушымыз астарлы түрде ескерткен. Жерге, аяғыңа қара, анаңды ізде, отыра берме, еліңді кез, ізде, тесікті тап, азық ал табаныңнан!-деп ескертіп тұрған жоқ па? Жерге, еліңе құрметің мен жасаған қызметіңмен түсіңде Раббыңнан уахи алып қана өз ізіңді тура жолыңа бағытыңды «масхабыңды» іздейсің. Тура жолдың белгісі сол елдің жазылған шежіреге байланысты кемісін толтырып, ескіргенін жамап, бүгінгі заман талабына сәйкестендіру үшін әр түрлі белгілермен, ел ішінен қасиетті адамдардың, елшілердің келуімен ерекше ақпараттың, шипалық қасиеттердің пайда болуымен адамзатқа берілген даналықтарды меңгерумен ерекшеленеді.
Тура жол - даналық пен ақылдың кемелдігін қалыптастыру үшін әр пендеге тылсымнан жеке-жеке беріліп, негізгі көрсетілген ізбен жалпы қағиданың шегінде, өзіндік орындалу барысында, ерекше қабілеттердің, шабыттың жетілдіріп, белгілі бір дәрежелерді асуларды алуымен сипатталады. Болмаса тура жолын тапқан әулиенің қасында жүріп те адасуың да мүмкін. Себебі әр пенденің қажеттілік ерекшелігі де түрлі болып келсе, нәпсілік жаратылысы қажеттілігі мен білім күдігі де алуан түрлі. Өмірде өзіндік ізін қалдырған ғұламалардан, жаратқанның қасиетті ізгі құлдарынан үлгі алу қажеттілік, бірақ шамадан тыс аса біліміне күмәнсіз еліктеушілік адасу мен ақымақтықты туындатады. Күдіксіз еліктеушілік тек баланың әкесіне, қыздың шешесінің жақсы әдет қылықтарын қайталауы жарасымды болса, өзге ұлттың қылығына еліктеу, ақылдың өлшемімен ғана, пайда-зиянын өткен тәжірибелермен, асыл кітап ғылыммен салыстыра отыра және өмірден өткен ата-аналарыңның көрсеткен ақылы шегінде болған абзал. Ізденген ғана жетер мұратқа. Әзір тек тура жолдың үстінде жүру үшін жер асты су жолдарының нұр бөлініп шығатын жерлерінде құлшылық орындары, әулиелер, Алланың сүйген құлдарының, достарының зираттары болып, сол арқылы тілектерімізді жаратушыға жолдап тұруымыз керек. Арап халқы сондай тура жолдың үстінде отыр, үнемі зират ішінде сәжде жасайды. Бірақ тылсымнан берілген дәлелдермен тапсырмаларды, нұсқауларды қосып намазды оқып, түсініп намаздарды орындап жүргені күмәнсіз бе? Әрине ол жаратушының өзіне ғана мәлім. Біз де араптардан аумай қаламыз деп, Меккенің ішінде, Ыбырайым пайғамбардың орнында отырғандай, ойға келген жерге мешіттерді салып алып, тура жолдамыз деп тапжылмай отырмыз. Кімді күтіп отырғанымызды өзіміз де білмейміз. Мүмкін сол мешіттеріміз ит байласа ұлып, шынжырын үзіп қашатын жерге салынып, тек әшейін тазарып жатырсыңдар деген халықты алдау емес пе?- деген ешқандай дін ғалымының да, теолог ғалымдарының да өз білімдеріне күдік келтірер емес.
Жердің киелі есіктерін іздеп, барып, көріп, жаратушының бұйырған асыл сөздерін сәждені жасап, Раббыңа мадақ айтып, атын алып, ата-бабаларыңнан келе жатқан тағдырға жазылған кемшілік, қателіктерге тәуба келтіріп барып, иманды үйге әуелі қонаққа шақырып келуге ерінетін болдық, үйден, мешіттерден шықпай «Иманды келтірдім» деп өзімізді бір-бірімізді алдап, аптасына бір рет мешітке жиналамыз да қалған уақытымызды қалай дем алсақ деп, бас қатырамыз. Құлағалы тұрған ордың (родий есігі) жиегіне салынған мешіттерде намаз оқыма» деп пайғамбарымызға да ескертіпті. Мешітке «Дем» беруге ғана барады. Тек киелі және түйе шөккен жерге салынған мешіттерден намаз оқып, «Демді» (су иондарын) алуға болады. Жалпы қазақ елінің жерінің кеңдігіне байланысты «Демді» (алтын суды) алатын жерлер алуан түрлі болып келеді де қашанда алыста, тау тастардың ішінде, құмдардың арасында. Шақырса, түсіңде көрсетсе міндетті түрде «Демді» алуға бару керек! Сонда ғана иман көктен сені іздеп түседі, мешітке, үйіңе, жүрегіңе зейнет болып енеді. Тек тәнің үнемі толық жабық, дәретің түгел болсын. Бақ сыртқы қабыңа қарайды, Қыдыр қыдыра білгенге дариды. Болмаса екі рет шақырмайды, шақырғанға зар болып, жұма сайын бас ауырып, балтыр сыздап, алға басқан аяғың кері кетіп, дүниең де шашылып, ит-құсқа жем бола бастайды. Туысқаның, бала-шағаң, тіптен жан жарың да өзіңе сынақ бола бастайды. Ол, сенің тура жолдың қисығындасың деген белгі. Төртеуіңді түгелдеймін деп қадырды іздеп сандаласың да жүресің. Санды қалай алу Ыбырайым пайғамбар дәуірінен бұрын қазаққа Кер Сақ-аб Сансыз баба-Данышпан арқылы мәлім болған. Бүкіл қайғы-қасіреттің, аурудың, тура жолдың да белгісі әр жаратылған пенденің өзінде, тарихында, жерінде, ішім жем өмір сүру ерекшелігінде болмақ. Әрбір оқиға болып кеткен, өтіп кеткен уақиғалар желісі, үнемі қайталанып еленіп, екшеліп отырылады. Сол «уақ» пен «арды-өмір суын» болашаққа ақпарат және өмір азығы деп біліңіз. Дін - әртүлі дәрежедегі ақпараттық азық, тәбетіңе тарихи қалыптасқан әдетіңе қарап өлшемей, артық алсаң күпті боласың, шарабын шамадан тыс ішсең мас қылады да ақыл азар. Сондықтан әр елдің өз ошағы, қазаны бар. Өзге елдің сарқытын ішіп, шелегін жалағанның түбі еңбегі еш болып тұқымы тозар. «Қызыл бастан қыз алсаң үн жоғалар, үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» деген нақыл бекер қалмаған даналардан.
Араптардан тек үнін Құрандағы жаратушы сөзімен ғана алып, ал басқа әдетін де, салт-дәстүрін де, тіптен қызын да алуға болмайды қазаққа. Намазды толық орындауды ислам әлемі қазақтардан үйренгенде ғана жер бетіндегі соғыс, бүлдіргі әрекеттер тоқтайды. Ондай үлгілі елге айналу үшін, ана тілмен сөзді түзеп, сырттан енген сөздердің үндестікке сәйкестенбегенін күзеп, сөз астарын зерттеуді біліп, ата-бабамыздан қалған салттық, әдеттік ғұрыпнаманы намазға айналдырып әдеттенсек қана өз ана тілімен суғарған ұрығымыз өніп, көктеп гүлдейтіні сөзсіз, ар жағында жадырап жазың келсе жемісін жейтін күзіміз «Алтын ғасыр да» туатыны сөзсіз. Өз жеріңе-дініңе, отаныңа, халықтың мұң-мұқтажына қызмет жасап еткен еңбектен; «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.», «Бақша ексең жеріңе (тәніңе) өкпелеме, қызмет қылсаң еліңе (аруағыңа) өкпелеме!», «Көппен көрген ғана ұлы той», «Көп қорқытады, терең батырады». Діннің адамзатқа ортақ бір-ақ қағидасы бар. Ол даналықты меңгеру арқылы ғана ақылға ие болған адам-бақытты аталады.
Адам баласының бақытты, бақытсыздығын тек кемелденген, толысқан ақыл ғана анықтайды. Сондықтан ақыл - ата-бабаларымыздың Құдайдың қалауымен жинаған көктегі қазынасы. Ақыл-алтын, күмістен артық, асыл тастан қымбат, оған еш нәрсе тең келмейді. Ақыл тағдырдың адамзаттың қолына берген қаламы, діні. Діннің сипаты оң қолдың, алақандағы-18 ғаламмен жалғанып, ағаруы-ұзақ өмір, сол қолдың ғайыптан белгі 81-санымен ақирет өміріне жалғанып, ағаруы-атақ-даңқ, байлық. Сондықтан ұранымыз; Алла Тағаланың 18+81=99 көркем есімі; «Аруақ қолда!» Сонда ғана 63-санымен көкірек сезімнің іштегі жеті жолының ашылғаны-жақсылық пен игілік! Ар-ұяттың киімі, түйсігің, жан киімің «Ісра-17» періште ұжданың-тыныштық! Даналықтың өмір ағашы 31 санымен бес күнге, шежіреге ( барлығы 210-саны көктегі мешіт) және одан нәр алып жалғанғандар бақытты! Өлілерін құрметтеп, риза қылған халық қана рухани байлыққа (21-ге), рухтың ақ батасына кенеледі. Тірі қазақтан, дана болған өлі қазақ қашанда көп екенін ұмытпайық ағайын! Құраннан есепсіз пәтуа алған, кітап арқалаған есекке айналар.
Мұхаммед пайғамбарымыз; «Діннің апаты пасық ғалымнан, залым патшадан, шешім (пәтуа) шығарушы шала молдадан болмақ». «Өтірік сөйлеген, уәдесін орындамаған, аманатқа қиянат жасаған адам-мұнафық (екі жүзді) қасиетсіз!». «Ілім жолы-қиын жол, сабырлы бол. Сонда ғана ілімге ие боласың. Алла Тағала мұсылманның білімді болғанын қалайды». «Мұсылманға шаршап шалдығу, дерт, уайым, қайғы-қасірет, жайсыздық, күйінуден не туындаса да, тіпті оған тікен кірсе де Алла міндетті түрде осылар арқылы оның күнәларының бірін жуады. Сондай-ақ қайсібір мұсылманның басына бір жайсыздық келсе, Алла оның күнәларын ағаш жапырағы төгілгендей төгеді.» деп пайғамбарымыз үмметтерін сабырға шақырса, ал Құранда Алланың сүйікті құлы даналықтың үлгісі саналатын Лұқман Хакім-Зеңгі бабамыз; күмән мен күнаға батып жазаға ұшырап, ауырып ақталғанша, ауырмайтын жол даналықтың үлгісін біздерге аманаттап кетіпті. Алты алаштан келе жатқан, қалыптасқан дәстүрлі дініміздің қағидасы деп біліңіз. «Ей, ұлым! Ұлы құдіретті Жаратушыны таны. Кімге ақыл-насихат айтсаң, алдымен өзің жүзеге асыр. Сөйлеген сөзің өз қадіріңе лайық болсын. Адамдарды қадірлей біл. Көпшіліктің ақысын ойла, қиянат қылма. Өз сырыңды жасырын ұста. Досыңды басыңа күн туғанда сына. Надан мен опасыз адамға жолама. Дана және білгір адамдармен (әулие-әмби) дос бол. Ақкөңіл және дана кісілермен ақылдас. Жақсы жұмысты тастама, жаман жұмысты бастама. Ата-анаң – үлкен дәулет. Ұстазың атаңнан ұлық. Қаражатты табысыңа қарай жұмса. Бір үйге барғанда көзің мен тіліңе абай бол. Аз сөйлеп, аз тамақтануды әдет қыл. Әйел мен балаға сырыңды айтпа. Адамдардың жақсылығына күншілдік қылма. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырма. Байлығыңды дос-дұшпанға білдірме. Жақсы адамды жаман деме. Шын сөзді әзілге бұрма. Біреуді екінші адамның алдында ұялтпа. Айтқан сөзіңді екінші рет қайталама. Өзіңді және жақындарыңды бөтендердің алдында мақтама. Ескі ұрыс-керісті еске алушы болма. Барша адамды құрметтей біл. Күн шыққанға дейін ұйықтама. Екі адам сөйлессе сөзіне араласпа. Орынсыз жұмыстарға соқтығып, абыройыңды төкпе. Адамдардың көре алмаушылығынан сақтан. Өзіңнің қор болмауыңды ойла. Мейірімді және кішіпейіл бол. Алладан қорық, халыққа ынсап қыл, ұлықтарға қызмет ет, кішілерге мейірім жаса, дәруіштерге қайыр садақа бер, жастарға насихат айт, дұшпандарға ақкөңілділік көрсет және ғалымдарға еліктеумен өмір сүр. Сосын осы өсиетіне Лұқман хакім-Зеңгі баба тағы да былай деп тұжырымдапты: Насихат жолында үш мың сөз жаздым, сол үш мыңнан үш мазмұнды таңдап алдым. Бұл үшеуден екеуін есте сақта, бір-екеуін ұмытып жібер: Біріншісі- Алланы және өлімнің ақиқаттығын есіңде сақта; Екіншісі - істеген жақсылығыңды міндет қылмай естен шығар!». Бұл түркі жұртының отаны болған қазақ бабаларымыздың исламға дейінгі шариғатынан үзінді болса, енді бүгінгі мен кешегі ақсақалдарымызды тыңдап көрейік.