«Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» (41-53) Құран әрбір пенденің жүрегінде кітап (нейрон) түрінде болса, жаратылыстық барлық жанды жансыз нәрселерінде Алланың рұқы, аят үкімдері яғни тағдыры барын білген жөн. Сонымен биыл қазақ елі қияметтік сағаттың 4-ші жылына аяқ бастық. Әрбір жарты жыл сайын ел билеуші мен жалпы қазақ қоғамының құдайдың ашық ескерту белгілеріне аян, уахи, түрлі азап, ажалдармен, сынақтармен сыналып және табиғатпен жаратылыстағы ерекше құбылыстармен жауап беріп жатқанымен ел билеуші зиялы, білімді қауым өкілдері ашық қарсылық білдіріп құдаймен білім таластырып әлемдік «Армагеддондық», арсыздық салтты дәріптеуден қайтар ойлары жоқ. Қазақ дәстүрін ұстануды алға қойдық дегендері екі жүзділік тұрғысында, сөз және әр түрлі шоу, ойын-сауық қойылымдар түрінде ғана болғандықтан еліміздегі қияметтік жағдайдың айдан-айға ауырлап келе жатқанын және оның бір жағы экономикалық дағдарысқа ұласып жатқанын білген жөн.
Сонымен 2016 жылғы алғашқы жарты жылдықта қазақ елінде болатын рухани сынақтар:
Қаңтар айы - Қаралық қарсылық күштер үстем болады, 7 жерде апат болады, жирен шашты ұрпақтар дүниеге келеді.
Ақпан айы - табиғат тылсым күшін көрсетеді. Түрлі дерттер асқынады, демікпе ауруы көбейеді, халық толқиды.
Наурыз айы - жеті жұттың сипатының бірі белең алады, ауылдық елді мекендерде өлім көбейеді, ерсілік, ессіздік, екіестілік белең алады. Етіктілер (атқамінерлер) сыналады.
Сәуір айы - су тасқыны қайталану қаупі тұр, қара халық қиналысы үдейді. Қаражар елді мекеніне кесапат қаупі бар.
Мамыр айы - жануарларға қауіп түседі. 4 түлік мал іріктіледі. Орыс халқының наразылығы үдейді. Орыс аруағы бой көтереді.
Маусым айы - халықтың ашкөздігі күшейеді, тума-туыс арасында өкпе-реніш көбейеді. Жер қазығынан хабар түседі. 47 түрлі сынақ болады.
Әрине мұндай ескертулердің алдын алуға оны айналып өтуге болатынын, құдай тек жазалау үшін емес, құтқарылу үшін де белгісінен алдын-ала хабар беретінін де ескерген жөн. Оның амалын меңгеруге ата жолында тақуалығы жетілген аз ғана аққу, сұңқар және жетелі азаматтардың бары да сөзсіз. Қазақ дәстүрінің негізі; «Өлі риза болмай тірі байымас» деп әулие–әмбилер мен киелі орындарды ерекше қадірлеп, дәретсіз баспай сақтаған. Өкінішке орай бүгінгі ел билігіміз Арыстан баба, Ясауи баба т.б. зиярат, бейіт, қорымдарды яғни Алланың сүйікті құлдарын еске алудың құлшылық орындарын мұражай атап, 200 теңгеден билет алып кіретін ойын-сауық, қызық көретін, пайда табатын орынға айналдырып үлгіріпті. Демек дүние, мал үшін ата жолын, ата дәстүрін сатып секта деп қудалаған ел билеушілеріміз енді осындай әулиелі киелі орындар арқылы, құдайдың халыққа тегін беретін нұрын сатып мемлекет қазынасын толтыруды жөн көріпті.
«ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің 03.11.2015 ж №336 бұйрығымен бекітілген» яғни «Құдайдың өзінен тікелей салық алу туралы шешім бұйрық» деп түсіну керек. Олай болса, оған сол бабаларымыз құдайдан сұрап, қандай жауап береді екен?
Раббымыздан жауап: Халық садақасымен ел билеушілер жүктеледі. Халықтың күнәсімен бөліседі, ұрпақтарына тағдырларына қарғыс аманаттар артылады. Бойларының теріс қуат енетін 40-есігі ашылып тесіледі. Әрине ел билеушілердің мал табарлық өнерлері, шеберлігі болғанмен, жол табарлық қабілет ел басшымыздың өзінде өте әлсіз болып, мұндай ескертулерге пысқырып та қарамай, халықты дүние қызығымен, тұрмыстық жақсы өмірмен ғана алдап, әрі қарай рухани батпаққа батырып түбінде үлкен зобалаңға қарай бастап келе жатқандары хақ. Оған дем беріп отырған түрі партияшылар, елді тек дүние байлығымен жарылқамақ болушылар, халықтың бірлігін бұзып, арсыздыққа, қантөгіс көтеріліске шақырушы, түрлі жындылық топтармен негізделушілер де жеткілікті және бой көтере бастайды. Олардың бәріне де құдайдан жауап бары хақ. Оны жеке-жеке жариялай береміз.